Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО елдерімен бірлесе отырып, Әкелу кеден баждарының сомаларын есепке жатқызудың және үлестірудің, әрі оларды Одақтас елдердің бюджеттеріне аудару тәртібінің сақталу мәселелері жөніндегі бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы Келісім жобасын да

ЕЭК ЕАЭО елдерімен бірлесе отырып, Әкелу кеден баждарының сомаларын есепке жатқызудың және үлестірудің, әрі оларды Одақтас елдердің бюджеттеріне аудару тәртібінің сақталу мәселелері жөніндегі бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы Келісім жобасын да

27.11.2015

26 қарашада Мәскеуде Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитеті Алқасының, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау жөніндегі Есеп комитетінің және Ресей Федерациясы Есеп палатасының бірлескен отырысының барысында 2014 жылы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдарының Әкелу кеден баждарының (теңгерімді әрекеті бар өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызудың және үлестірудің, әрі оларды Одақтас елдердің бюджеттеріне аудару тәртібінің сақталу мәселелері жөніндегі бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы Келісімді сақтауларына жасалған тексерістердің нәтижелері қаралды.

Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов және ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің қызметкерлері қатысты.

ЕЭК Министрі Комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттері министрліктерімен және ведомстволарымен біріге отырып, Әкелу кеден баждарының (теңгерімді әрекеті бар өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызудың және үлестірудің, әрі оларды ЕАЭО елдерінің бюджеттеріне аудару тәртібінің сақталу мәселелері жөніндегі бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы Келісім жобасын әзірлегенін атап өтті. Құжатты Тараптар мемлекетішілік келісуге жіберді. Тимур Сүлейменов 2016 жылдың бірінші тоқсанында келісімге қол қою үшін қажетті болатын рәсімдерді Одаққа мүше мемлекеттердің тезірек аяқтаулары қажеттігін атап айтты.

Қаржылық бақылаудың жоғарғы органдарымен жасалған тексерістердің қорытындылары бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында үлестірілетін баждарды есепке алу үшін қаржы министрліктерінің (қазынашылықтар) бюджеттік сыныптаманың жекелеген кодтарын жүргізіп отыруға бірыңғай әдістемелік көзқарастар әзірлеп алуына ұсыныс жасалды. Сонымен қатар, ЕАЭО-ға Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты ынтымақтасу форматын кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сол елдердегі уәкілетті органдардың қызметкерлеріне және Армения Республикасының Бақылау палатасы мен Қырғыз Республикасының Есеп палатасының өкілдеріне арнап жақын арада 2016 жылы әкелу кеден баждарын есепке жатқызудың және сомаларын үлестіру тәртібінің сақталуы жөніндегі бірлескен бақылау іс-шараларын дайындау және өткізу мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастырылатын болады.