Жүйеге кіру
ЕАЭО мен Оңтүстік Корея Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ЕАЭО мен Оңтүстік Корея Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

30.11.2015

27 қарашада Сеулде Еуразиялық экономикалық комиссиясының Сауда жөніндегі Министрі Андрей Слепнев пен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика Министрі Юн Сан Чжик Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Корея республикасының арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжаттың негізінде ЕАЭО мен Корея ынтымақтастығының тұрақты әрекет ететін механизмі құрылатын болады«Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең қатарын талқылау үшін арнайы алаң құрып отырмызБұл дегеніміз, әрі сауданы дамыту шаралары, әрі техникалық реттеу, әрі тарифтік және тарифтік емес реттеу, әрі инновациялық және инвестициялық белсенділікті жоғарылату шаралары», – деп мәлімдеді Андрей Слепнев.

Сондай-ақ, ЕЭК Сауда жөніндегі Министрінің Кореяға жасаған сапары шеңберінде Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы мен Кореяның халықаралық экономикалық саясат институтының бірлескен зерттеуіне жол ашылды. Зерттеудің мақсаты – ЕАЭО мен Корея арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің оңтайлы формуласын әзірлеп алу болып табылады.«Институттар тараптардың арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету бойынша нақты ұсыныстар беруге тиісті болады», – деп түсініктеді ЕЭК Сауда жөніндегі Министрі.