Жүйеге кіру
Ортақ еңбек нарығын құру – ЕАЭО басты басымдықтарының бірі

Ортақ еңбек нарығын құру – ЕАЭО басты басымдықтарының бірі

30.11.2016
ЕЭК Экономика және қарсы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев  «ЕАЭО шеңберіндегі төрт еркіндік: тауарлар, жұмысшы күші, қызметтер көрсету, капитал қозғалысы. Тәжірибе және алынған сабақтар» атты конференцияда Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жұмыс істеуінің негізгі қорытындылары және Комиссияның еңбек миграциясындағы жұмысы туралы баяндама жасады.

Асқан Кішкембаев ілтипат лебізінде Одақтың жұмыс істеуінің негізгі нәтижелерін баяндады. Ол Еуразиялық интеграцияның ортақ қаржы нарығын, бірыңғай қызметтер көрсету нарығын, ортақ еңбек, дәрі-дәрмек және энергия ресурстары нарығын қалыптастыру сияқты бағыттарының басымдылығын атап көрсетті. ЕЭК өкілі Кеден кодексінің жобасы ЕАЭО мемлекеттері президенттерінің қол қоюына дайындалып жатқанын және оны іске асыру бизнес ахуалды жақсартуға ықпал ететінін еске салды.


«ЕАЭО шеңберіндегі жұмыс күші қозғалысы еркіндігі» секциясына қатысқан Асқан Кішкембаев Одақ туралы шартқа сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қатысушы елдер азаматтарының салық салу, әлеуметтік сақтандыру және медициналық жәрдем бойынша жағдайлары жұмысқа орналастыратын елдің азаматтарымен бірдей болады деп баса айтты. Еңбекшілерге еңбек шартымен ғана емес, азаматтық-құқықтық шарт бойынша да жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Фармацевтика, медицина, заңтану және педагогика мамандықтарын қоспағанда, барлық басқа мамандықтар бойынша дипломдарды өзара тану қамтамасыз етілген. Еңбек мигранттарының балалары мектепке дейінгі мекемелерге бара алады және жұмысқа орналастыратын мемлекеттің заңнамасына сәйкес білім алады. 

ЕЭК өкілі «Ортақ еңбек нарығының жұмыс істеуі саласында құқықтық жағдайларды қалыптастыру Одақ шеңберіндегі көші-қон процестерін жандандыруға ықпал етеді – деді. - Әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға және соның салдарынан ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық дамуындағы кейбір келеңсіз үрдістердің сақталуына қарамастан, осы жылы Одақ ішінде еңбек мигранттарының саны өсіп отырғаны байқалады және бұл экономикалық байланыстардың күшейгенін білдіреді. Миграциялық өзара байланыстарды және ортақ еңбек нарығын сапалы тұрғыдан дамыту – Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде интеграциялық процестерді дамытудағы негізгі факторлардың бірі».

Асқар Кішкембаевтың пікірінше, еңбек көші-қоны тұтастай Еуразиялық өңірдің дамуындағы нақты ресурс болып табылады, Одақтағы одан арғы интеграция мүше мемлекеттер бұл бағытта қаншалықты дәйекті ілгерілеуіне байланысты болады.

Конференция 24-25 қарашада Бішкекте өтті, оны Азия даму банкінің қолдауымен Қырғыз Республикасының Үкіметі ұйымдастырды.