Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің биржалары Одақ мемлекеттердің делдалдары мен дилерлеріне рұқсат беру мүмкіншіліктерін кеңейтіп отыр

ЕАЭО елдерінің биржалары Одақ мемлекеттердің делдалдары мен дилерлеріне рұқсат беру мүмкіншіліктерін кеңейтіп отыр

30.12.2015

29 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы "Еуразиялық экономикалық одағы бір елінің делдалдары мен дилерлерінің өзге мемлекеттер (сауданы ұйымдастырушылар) биржасына рұқсат беру туралы" Келісімнің жобасын мақұлдады.

Келісім Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерінің делдалдары мен дилерлерінің ЕАЭО қор биржаларына өзара рұқсат алуға мүмкіншілік береді. Осылайша, ол бірыңғай биржалық кеңістікті құруға және жалпы Одақ елдерінің қаржы нарықтарының интеграциясына жағдай жасайды.

Келісім кәсіби қатысушылардың лицензияларын өзара тану жолындағы маңызды қадам. Сөйтіп, ұлттық органмен берілген делдалдың немесе дилердің лицензиясы делдалдың (дилердің) ЕАЭО биржасына кіруіне негіз болып табылады. Оған қоса, бұл кәсіби қатысушылар биржаны тіркеген елдің заңнамасындағы (лицензияланатыннан басқа) реттеуші талаптарды және оның эмитенттерге, сауданың қатысушылары мен сауданың, сондай-ақ биржалық есептеуді қамтамасыз ететін жүйелердің талаптарын орындауға міндетті болады. Бастапқы кезеңде шектеулер тек бір жағдайды қамтитын болады: делдалдар мен дилерлер нарыққа тек қана өздерінің клиенттерімен келе алады.

Сонымен қатар, Келісімде делдалдар мен дилерлердің ЕАЭО өзге елдері биржаларында жасайтын бұзушылықтарына орай әрекет ету механизмдері қарастырылған.

Құжатқа ЕАЭО мемлекеттері 2016 жылдың аяғына дейін қол қояды деп болжануда. Анағұрлым маңызды пайдалардың ішінде биржадағы қосалқы өтімділікті және эмитенттердің қорландыруын дамыту үшін мүмкіндіктердің құрылуы күтілуде.