Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян І дәрежелі Столыпин медалімен наградталды

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян І дәрежелі Столыпин медалімен наградталды

IMG_2828.JPG
31.01.2020

Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин Алматыда (Қазақстан) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянды Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі Столыпин медалімен наградтады.

Награданы тапсыра отырып, Михаил Мишустин: «Ресей Федерациясының атынан Сізге І дәрежелі Столыпин медалін тапсыру - мен үшін бүгін құрмет болып табылады. Сіз ЕЭК Алқасының Төрағасы ретінде әріптестеріңізбен бірге оның қалыптасуының және Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуының ең күрделі кезеңінен ойдағыдай өттіңіз. Осы үлкен жұмысыңыз үшін Сізге алғысымды білдіргім келеді және орайлы сәтті пайдалана отырып, жақында атап өткен мерейтойыңызбен құттықтаймын, сізге денсаулық және алда да табыстар тілеймін», – деп атап көрсетті.

Ресей Федерациясының Премьер-министріне жоғары награда үшін алғысын білдіре отырып, Тигран Саркисян: «Мен оны тек жеке наградам деп қана емес, сонымен қатар біздің Алқаның барлық құрамы қызметіне берілген баға деп санаймын», – деді.

Столыпин медалі - Ресей империясы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Петр Аркадьевич Столыпиннің құрметіне аталған Ресей Федерациясы Үкіметінің наградасы. Әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге сіңірген еңбегі үшін көтермелеу болып табылады.​