Жүйеге кіру
Михаил Мясникович: «ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасы елеулі әлемдік сын-қатерлерге бейімделуге қабілетті»

Михаил Мясникович: «ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасы елеулі әлемдік сын-қатерлерге бейімделуге қабілетті»

31.07.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович бұл туралы 31 шілдеде халықаралық инвестициялық «Қалпына келтіруден - орнықты дамуға қарай» онлайн-конференциясының жалпы сессиясында мәлімдеді.

Михаил Мясникович атап көрсеткендей, 2020 жыл Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуде нағыз сын-қатер болды. Сонымен қатар, жағдаятты сынамды деуге болмайды, пандемиядан кейінгі қалпына келтіру жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Проблемалар бар екені сөзсіз, бірақ, әсіресе материалдық өндіріс салаларында сынамды жағдаят жоқ. Бұл ЕАЭО елдері экономикасының өз дамуында елеулі ілгерілегенін және әлемдік сын-қатерлерге бейімделуге қабілетті екенін білдіреді. Үстіміздегі жылдың бес айының қорытындылары бойынша ЕАЭО-ның сыртқы тауар айналымы 16,2%, 246,7 млрд долл. дейін төмендеді, бұл негізінен мұнай факторы. Өзара саудаға келсек, ол 15%, 19,6 млрд долл. дейін қысқарды, бірақ біз қазір жеткілікті түрдегі елеулі өрлеуді байқап отырмыз. Бұл экономикалық тұрақтылықты және ЕАЭО шеңберіндегі кооперациялық байланыстардың сенімділігін білдіреді», – деп хабарлады Михаил Мясникович.

Ол өз сөзін ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі 1,3%-дан (Қырғызстан) 4,1%-ға дейін (Армения, Беларусь), ал тұтастай Одақ бойынша 3% өсті деп толықтырды. Сонымен бірге, мүше мемлекеттерде инфляцияның елеулі өсуі болған жоқ.

ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО-да ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, сол сияқты сыртқы әріптестерді де тартатын жаңа жоғары бәсекелі өндірістер құру қажеттігі туралы мәлімдеді. Оның сөзінше, Одақта бүгінгі таңда Одақ дамуының жаңа трендтерін білдіретін әрі интеграцияның дамуында өзінше қайтып оралмайтын нүкте бола алатын толып жатқан инвестициялық жобаларды іске асыру белгіленіп отыр. Бұлар цифрлық күн тәртібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі саласындағы жобалар, дайын дәрілік препараттардың бірлескен өндірісі.

«Біз технологиялық тізбектер құру мәселесіне көбірек назар аударамыз. Егер импортты алмастыру бағдарламалары шеңберіндегі экономика бұрын өз мүмкіндіктерімен тұйықталса, қазір біз қосылған құн қандай елде жасалғанына қарамастан оқшауланудың есепке алынуы туралы айтамыз. Бұл Еуразиялық тауарлар нарығын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер ашады», – деді Михаил Мясникович.

Әлемдік экономикалық дамуда байқалып отырған оқшаулану үрдісіне қарамастан, сындарлы халықаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап көрсетілді, жұмыстың перспективалық, соның ішінде ЕЭК-тің БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) ынтымақтастық желісі бойынша бағыттары атап өтілді.

Онлайн-конференцияға 42 елдің өкілдері қатысты, оны ЮНКТАД-тың қолдауымен Беларусь Республикасының Инвестициялар және жекешелендіру ұлттық агенттігі ұйымдастырды. Конференция шеңберінде Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ЕЭК Кеңесінің төрағасы Игорь Петришенко, Дүниежүзілік экономикалық форумның, ЮНКТАД-тың, сарапшылық және бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері сөз сөйледі.​