Жүйеге кіру
Тимур Жақсылықов пен Алексей Оверчук ЕАЭО-ның салық саласындағы ақпараттық өзара іс-қимылды дамытуды талқылады

Тимур Жақсылықов пен Алексей Оверчук ЕАЭО-ның салық саласындағы ақпараттық өзара іс-қимылды дамытуды талқылады

31.07.2020
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов пен ЕЭК Кеңесінің мүшесі, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук 30 шілдеде Ресей Үкіметінде Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО елдері арасында салық саласындағы ақпараттық өзара іс-қимылды дамыту және жанама салықтарды төлеуді бақылаудың тиімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі бастамасын талқылады.

Тимур Жақсылықов замани жоғары технологиялық шешімдер негізінде салық әкімшілігін жүргізу процестерін терең цифрландыру әрі ЕАЭО елдерінің салық органдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолымен ЕАЭО-да тауарлардың өткізілуін бақылаудың ашық-айқын жүйесін құруды ұсынды.

«Трансшекаралық экономикалық өзара іс-қимылдың түйінді салаларындағы процестерді цифрландырудың тереңдей түсуі бытыраңқы ақпараттық жүйелердің, құжаттар санының, өңделетін әртүрлі деректер көлемінің көшкін тәрізді көбейе өсуіне әкеліп соқтырды, бұларды басқару да күрделілене түсуде. Осыған байланысты ЕАЭО-дағы тауар айналымының фискальдық мониторингінің бірыңғай жүйесін құрған маңызды, бұл күллі одақтық фискальдық процестерді оңайлатуға, тездетуге әрі оларды нақты шеңберде ұстауға мүмкіндік берер еді», - деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Кездесуге қатысушылар фискальдық мониторингтің мұндай жүйесі сауданың ашық-айқын трансшекаралық экожүйесін қалыптастыруға, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процесінде бизнеске түсетін жүктемені азайтуға, Одақта қолайлы бизнес-климат құруға мүмкіндік беретініне келісті. Бұдан басқа, тұтынушылар тауарлардың сапалық сипаттары туралы, оларды әкелу мен өндіру туралы анық ақпаратқа қол жеткізеді. Мониторинг жүйесі өзара саудада ҚҚС-тың нөлдік ставкасын растауды да тездетеді.

Алексей Оверчук өз кезегінде Ресей Федерациясы бұл салада ЕЭК-пен ынтымақтастыққа әзір екенін атап өтті және ЕАЭО-дағы өзара саудада жанама салықтар алу жүйесін жетілдіру жұмысын белсенді жалғастыруға шақырды. Бұдан басқа, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Ресей Федерациясының құзыретті органдарына ЕЭК бастамасын ізеуіртті пысықтауды және оны іске асыруға қатысуды қамтамасыз етуді ұсынды.​