Жүйеге кіру
ЕЭК Еуразиялық одақ елдерінің уәкілетті органдары мен Комиссияның зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы ақпараттық өзара іс-қимылының регламентін бекітті

ЕЭК Еуразиялық одақ елдерінің уәкілетті органдары мен Комиссияның зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы ақпараттық өзара іс-қимылының регламентін бекітті

31.08.2016

30 тамызда ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы ақпараттық өзара іс-қимылының регламентін бекітті.

Құжат 2015 жылғы 8 қыркүйектегі Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы шартты орындау үшін әзірленген.

Регламент Комиссия мен мүше мемлекеттердің  уәкілетті органдары арасындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласында ақпараттық алмасу, құқық қолдану практикасына мониторинг жүргізу және мүше мемлекеттерде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу  тәртібін  белгілейді.

Регламентте уәкілетті органдар қорыту, жүйелеу және кейіннен талқылау үшін Комиссияға жіберуге тиіс мәліметтер айқындалған.

Осылайша, ЕЭК пен Одақ елдерінің уәкілетті органдары, атап айтқанда, кеден және құқық қорғау органдары бір-бірінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы іс-қимылдары туралы ақпарат алатын болады, бұл  күш-жігерлерді үйлестіруге және олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, Регламент зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында бірізді құқық қолдану практикасын белгілеуге ықпал етеді.

Құжатты қабылдау құқық иегерлері үшін қолайлы жағдай жасау, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тиімді қорғау мен сақтауды қамтамасыз ету, ғылыми және инновациялық дамуды қолдау, коммерцияландыру тетіктерін жетілдіру және зияткерлік меншік объектілерін пайдалану процесіндегі тағы бір кезең болмақ.

Анықтама

Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы шартқа 2015 жылғы 8 қыркүйекте қол қойылды, 2016 жылғы 19 шілдеде күшіне енді.