Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Экспортты дамыту үшін тарифтік тосқауылдар мен тарифтік емес шектеулерді алып тастау қажет»

ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Экспортты дамыту үшін тарифтік тосқауылдар мен тарифтік емес шектеулерді алып тастау қажет»

31.10.2016

28 қазанда «Еуразиялық апта» халықаралық форумы шеңберінде «Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ішкі нарығында кооперацияны күшейту экспортты дамыту факторы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина, Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламанов, Ресей экспорт орталығының қаржылық емес қолдау жөніндегі басқарушы директоры Константин Евстюхин, Ресей-Германия сыртқы сауда палатасының атқарушы директоры Роберт Брайтнер, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ғылыми топтары мен бизнес өкілдері қатысты.

Экспортты дамыту мәселесін талқылай отырып, Вероника Никишина Одақ тауарларын сыртқы нарықтарға ілгерілетудің маңызды құралдарының бірі үшінші елдермен преференциялық сауда келісімдері желісін құру болып табылады, деп баса айтты.

«Келісімдер арқылы біз өз кәсіпорындарымыз шет елдерде тап болатын тарифтік тосқауылдарды да, тарифтік емес шектеулерді де жою бөлігінде Одақ тауарларының сыртқы нарықтарға қолжетімді болуын жақсартуды ілгерілете аламыз. Бәсекелестіктен сескенбей, белсенді позицияны ұстану керек. Мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерімен байланысты болатын әрі тарифтік қорғаныстың төмен деңгейін қолданатын Одақ жағдайындағы протекционистік саясаттың негізі жоқ», – деп атап өтті Вероника Никишина.

ЕЭК министрінің пікірінше, экспортты дамыту үшін қосылған құнның сыртқы тізбектеріне белсенді кірігу, жаңа тауашалар іздеу, қолданыстағы өткізу нарықтарына қатысуды, соның ішінде Одақтың бірлескен өнімдері үшін қатысуды ұлғайту қажет.

«Бүгінде Одақ сауда келісімдерін жасау бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан немесе сондай келісім жасасудың орындылығын зерделеп жатқан елдердің қоржынында  Израиль, Қытай, Сербия, Корея, Мысыр, Сингапур, Үндістан, Иран бар. Әр ел экспорттық мүмкіндіктері бойынша да, инвестициялық ынтымақтастық бойынша да өзінше бірегей», – деді Вероника Никишина.

Экспортты қолдау тақырыбын жалғастыра отырып, Георгий Каламанов Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі қазір Ресей экспорт орталығындағы еншілес компаниялардың (РОСЭКСИМБАНК пен ЭКСАР жүзеге асырып жатқан қаржылық ынталандырудың қолданыстағы шараларына (экспорттық операцияларды кепілдендіру, экспорттық кредиттеу, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және экспорттық кредиттерді сақтандыру) қосымша ретінде шет елдерде ресейлік өндірушілер өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін қолдаудың жаңа шаралары кешенін, сондай-ақ экспортты қолдаудың бірқатар қаржылық емес шараларын әзірлеп жатқандығын айта кетті.

Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі экспортты ынталандырудың жаңа бағыттары қатарында инжинирингтік қызметтер көрсету сегменті мен лицензиялық экспорттық мәмілелерді, Ресей өндірушілері ғана емес, Одақтағы басқа да елдердің өндірушілері де өнімдердің ғана емес, сонымен қатар технологиялардың да экспорттаушылар ретінде бола алатын шет мемлекеттер аумақтарында ресейлік өнеркәсіптік аймақтарды құруды пайымдап отыр. Өнеркәсіп және сауда министрі орынбасарының айтуынша, Мысырдағы Ресейдің өнеркәсіп аймағы осындай жобалардың бірі бола алады.

Бизнес өкілдері Одақтағы шағын және орта кәсіпорындар қатарындағы экспорттаушылардың табысқа жету тарихтарымен бөлісті, экспортты қолдаудың тиімді шаралары туралы әңгімелеп берді. ШОБ пікірінше, экспортты ілгерілетудің құралдары арасында көрмелерге қатысуға демеушілік жасау, бизнес-миссияларды ұйымдастыру және сыртқы нарықтарда өнімдерді сертификаттау бойынша шығыстарға мемлекеттің елеулі түрде өтем жасауы анағұрлым сұранысқа ие. Қайсыбір елдің болмасын нарығына рұқсат алу үшін өту қажет болатын сертификаттау құнының жоғары болуы, экспорттаушылардың пікірінше, көптеген өндірушілер үшін сыртқы нарықтарға қатысуды ұлғайту бойынша елеулі тежеуші фактор болып табылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сонымен қатар Одақта кооперацияны дамыту және бірлескен дайын өнімдермен сыртқы нарықтарға шығу мәселелерін талқылады.