Жүйеге кіру
Еуразия кеңістігінде ЕАЭО-ң баламасы жоқ

Еуразия кеңістігінде ЕАЭО-ң баламасы жоқ

31.10.2017
 

«ЕАЭО – Одақтағы елдердің азаматтары үшін табиғи тірлік кеңістігі. Біздің міндетіміз – олар үшін және бизнес-қоғамдастық үшін қолайлы жағдайлар жасау. Бұл адамдардың, капиталдың, тауарлардың және қызметтердің еркін қозғалысы болуы үшін тосқауылдардың, шектеулердің алып тасталуын білдіреді», – деп мәлімдеді XII Халықаралық ЕАДБ «Еуразиялық интеграция» конференциясында сөз сөйлеген Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК).

Алқасының Төрағасы  Тигран Саркисян.

Тигран Саркисянның пікірінше, бұған болашаққа бағыт алған институционалдық реформалар жүргізу жолымен қол жеткізуге болады. «Цифрлық трансформация, атап айтқанда, – бұл анық жаһандық тренд, әрі егер де біз кешігетін болсақ, онда жаңадан тосқауылдар, алып тастаулар мен шектеулер туындап отыратын болады», – деген сенімде ЕЭК Алқасының Төрағасы.
Ағымдағы интеграциялық процестердің тиімділігін бағалай келе, Тигран Саркисян Еуразиялық экономикалық комиссия тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің ортақ нарығына көшкенде Одақтағы барлық елдерде орын алуға тиіс болған өзгерістердің келісімділігін қамтамасыз ету үшін ғана құрылғандығына ерекше назар аударды. «Біз барлық қатысушы бес елдің мүдделерін паш етуге тиіспіз», – ЕЭК Алқасының Төрағасы деп санайды. Ол үшін Комиссия бірыңғай кедендік қағидаларды қалыптастыру, жалпы техникалық регламенттерді, фитосанитарлық және ветеринарлық талаптарды қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырып келеді. Бүгінде ЕЭК айналысып келе жатқан қызметтің шамамен 50% қалай да болса, тосқауылдардың, алып тастаулардың, шектеулердің алынуымен байланысты болып отыр. «Біз сондай тосқауылдарды сипаттап қана қоймай, оларды жою жөніндегі елдердің келісілген позицияларын табуға талпынған «Ақ кітап» құруымыз, осы жылдың нағыз зор үлесі деп санауға болады», – деген сенімде ЕЭК Алқасының Төрағасы.
 
«Бізге интеграцияланудың барысын үнемі біркелкі қайта пысықтап отыруға тура келеді, – деді Тигран Саркисян. – Бүгіндегі өзекті міндетіміз – өкілеттіктерді кеңейте түсу, әрі  тиісінше Комиссияның жауаптылық деңгейін жоғарылату. Ұлтүсті органның жауаптылық саласын кеңейте түсу – яғни, ортақ мүдделерге басты назар аударып отыру».

«Егер біз барлық тараптардың мүдделерін ұсынатын ұлтүсті органын құрған болсақ, ол жұмыс істеуге тиіс болады.  Сондықтан да өкілеттіктерді кеңейту керек болады. Сөйтіп, Комиссияның ортақ болашаққа деген жауаптылығы анағұрлым айқын болады. Осы көзқараспен Еуропалық одақтың тәжірибесі пайдалы болып отыр, өйткені әлемдік практикада біз осындай терең интеграцияланған әрі ұлтүсті органын құра білген екінші экономикалық бірлестік болып отырған шығармыз», – деді өз сөзінде ЕЭК Алқа Төрағасы.
Комиссияның позициясын жалпы сессияның барлық қатысушылары қолдады.  Атап айтқанда, ұлтүсті институттарының рөлін күшейту қажеттігі керек болады деді Стратегиялық әзірлемелер Орталығы кеңесінің төрағасы Алексей Кудрин. Әсіресе, ол «Ресей, шындығында, өзінің егемендік құқықтарын осы деңгейге батылдырақ табыстауға, өзінің кейбір дербестігінен және ұлттық өзімшілдігінен бас тартуына тиісті болады» деп мәлімдеді.
 
ЕАДБ басқарма төрағасы Дмитрий Панкиннің пікірінше, Одақтағы елдердің экономикаларының өсімін және интеграциялық процестерді жеделдету үшін  ЕАЭО ішіндегі тосқауылдарды жою жұмыстарын жалғастырып, үшінші бір елдермен экономикалық өзара іс-қимылды дамыту және де кәсіпорындарының сыртқы нарықтарға шығуына максималды түрде дамыту қажет. Сонымен бірге, Дмитрий Панкин зор инфрақұрылымдық жобаларды іске асырғанда келісілген көлік саясатының маңыздылығын атап айтты. «Біздің елдеріміздің экономикаларын байланыстыра алатын негізгі деген элементтердің бірі, – бұл ортақ инфрақұрылым деп айтуға болады. ЕЭК әрбір ел дамытуға бет алған көлік жобаларына талдау жасаудың маңызды да пайдалы  жұмысын бастады. Қазір 30-дан астам ірі жоба жинастырылды. Инфрақұрылымдық жобалардың интеграциялануы міндетін мен аса маңызды деп есептеймін», – деді Дмитрий Панкин.
 
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның пікірінше, «интеграциялық процестердің болашағы көбінесе Одақтағы елдер барлық жаһандық сын-қатерлерге хабардар ете отырып ықпал ете алатындығына байланысты болады». Тек қана бірлесе жүріп, бір интеграциялық бірлестікте болып, табысты болып және әлемдік көшбасшылардың арасынан өз орнымызды табуға болады. Бұл азаматтардың әл-ауқатының деңгейін жоғарылатуға және еуразиялық бизнестің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген сенімде Тигран Саркисян.