Жүйеге кіру
ЕЭО туралы шартта бекітілген, РӘБ жүргізу рәсімін енгізу мәселелері бойынша семинар болып өтті

ЕЭО туралы шартта бекітілген, РӘБ жүргізу рәсімін енгізу мәселелері бойынша семинар болып өтті

18.07.2014

17 шілде күні Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті Мәскеу халықаралық бизнес-қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған, ЕЭК шешімдер жобасының реттеуші әсерін бағалау (РӘБ) жүргізу рәсімін регламенттеу мәселелері бойынша сараптамалық семинар болып өтті. 

Семинарға ЕЭК және сараптамалық қауымдастық өкілдері, атап айтқанда ғылыми орта, ұлттық бизнес-қауымдастықтар мен салалық кәсіпкерлік бірлестіктердің өкілдері қатысты. 

Семинар барысында ЕЭК шешімдер жобасының РӘБ рәсімін жүргізу тәртібінің жобасы талқыланды (Тәртіп жобасы). Тәртіп жобасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта РӘБ институтын Комиссияның реттегіш қызметінің міндетті рәсімдерінің бірі ретінде бекітуге байланысты дайындалған. 

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметін дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин өзінің құттықтау сөзінде семинарға қатысушылардың назарын ЕЭО туралы шартта РӘБ рәсімін Комиссия шешімдерінің кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсерін бағалау контекстінде бекіту маңыздығына аударды. «Мұндай амал бір жағынан елдеріміздің бизнес-қауымдастыққа қарсы үлкен қадам болып табылады, екінші жағынан мемлекеттік органдарда ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлік қауымдастықта еуразиялық ықпалдастық үрдісін жүзеге асыруға белсене қатысу қажеттігінің нақты түсінігі қалыптасқан фактін растайды», - деп ерекшелеп өтті ЕЭК өкілі. 

Семинар барысында ЕЭК Кәсіпкерлікті адвокаттандыру бөлімінің бастығы Артём Юлегин Тәртіп жобасы туралы баяндама жасады. Бұдан басқа, Тәртіп жобасын сараптамалық бағалау нәтижелеріне және РӘБ рәсімін жүргізу қажетті, нормативтік құқық актілері жобаларының тізбесін анықтаудың халықаралық тәжірибесін шолуға арналған, РӘБ әдістемесі бойынша мамандар баяндама жасады. Баяндамалар сараптамалық семинарға қатысушылар тарапынан талқыланды.

Рустам Ақбердин қорытынды сөзінде мыналарды  атап өтті: «Қазіргі уақытта ЕЭК-да РӘБ үрдісін жүргізу тәртібін регламенттеу кезінде бизнес-қауымдастық үшін барынша транспарентті және үздік халықаралық және ұлттық тәжірибеге сүйене отырып, бюрократталмаған ету өте маңызды. Сараптамалық талқылау нәтижелері Тәртіп жобасын өңдеу кезінде семинарда ескерілетін болады. 

Анықтамалық ақпарат

2014 ж. 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа «Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереже» № 1 қосымшаның 15 тармағының бірінші абзацында, Комиссияның кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына әсер етуі мүмкін шешімдері мұндай шешімдер жобасының реттегіш әсерін бағалау нәтижелерін ескере отырып қабылданатыны қарастырылған. 

Өз кезегінде, ЕЭО туралы шартқа сәйкес ЕЭК шешімдер жобасының реттегіш әсерін бағалау үрдістерін жүргізу тәртібі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2011 ж. 18 қарашасындағы № 1 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне өзгертулер енгізу арқылы белгіленуі тиіс.