Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Мукай Кадыркулов: «Бірыңғай терезе» – бұл ең алдымен бизнеске арналған сервис»

ЕЭК министрі Мукай Кадыркулов: «Бірыңғай терезе» – бұл ең алдымен бизнеске арналған сервис»

05.06.2017

31 мамырдан бастап 1 маусымға дейінгі аралықта Қырғызстанда өткен халықаралық семинарда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде «бірыңғай терезе» механизмдерінің өзара іс-қимылын дамытуды талқылады.

Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және Әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМЭӘК) бастамашылық етті.

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Мукай Кадыркулов өзінің ілтипат лебізінде ЕАЭО елдерінің «бірыңғай терезені» құруда артта қалдырған кезеңдеріне қысқаша тоқталып өтті.

«Біз ЕАЭО елдерінде механизмнің дамуының ағымдағы жай-күйін зерделедік, – деді ЕЭК министрі. – Міндет – «бірыңғай терезе» жобасы қазірде біздің елдерімізде қай кезеңде екенін және оны Одақта одан әрі дамыту және синхрондау үшін не істеу керектігін анықтау болды. Қазір осы талдаудың негізінде «бірыңғай терезенің» «эталондық моделі» әзірленуде. «Эталондық модельді» әзірлеу туралы біз елдеріміздің сыртқы экономикалық қызметін реттеу жүйесінде «бірыңғай терезе» тетігін енгізу туралы идея туындаған кезеңде-ақ қағидатты уағдаласқан болатынбыз».

«Эталондық модель» ұлттық «терезелердің» одан әрі дамуы үшін жалпы бағдар болады. Бұл болашақта ұлттық механизмдер бір-бірімен өзара іс-қимыл жасауы үшін қажет. Модельді 2017 жылдың соңында ұсыну көзделіп отыр.

«Бірыңғай терезені» құру мәселесі соңғы он жылда өзекті, – деп атап өтті Мукай Кадыркулов. – Тек егер бұрын мұндай платформалар мемлекеттік бақылаушы органдардың жұмысын оңтайландыру тәсілі ретінде қаралған болса, бүгінгі таңда механизмнің негізгі «тапсырыс берушісі» бизнес болып табылады. Бизнес – мемлекеттің экономикалық дамуының қозғаушы күші. Сондықтан, «эталондық модельді» құру кезінде біз ол үшін «бірыңғай терезе» ыңғайлы, сенімге лайықты сервиске айналуы тиіс кәсіпкерлік қоғамдастықтың сұрауларын бағдар ретінде ұстанамыз». 

Халықаралық семинардың мақсаты мүше мемлекеттердің сарапшыларының және Комиссияның қолда бар халықаралық келісімдер, ұсынымдар және стандарттар туралы хабардар болуын арттыру, Азия-Тынық мұхиты өңірінде «бірыңғай терезе» тетіктерінің ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің «бірыңғай терезесі» ұлттық механизмдерінің осындай өзара іс-қимылын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.

Семинардың материалдарымен ​ЕЭК кедендік блогы парақшасынан танысуға болады.