Жүйеге кіру
ЕЭК пен ҰҚШҰ заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бойынша жұмыс істеуде

ЕЭК пен ҰҚШҰ заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бойынша жұмыс істеуде

06.04.2017

ҰҚШҰ ЗКҚКҮК 20-отырысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары басшыларының заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі (ҰҚШҰ ЗКҚКҮК) мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның жобасы талқыланды. 

Еуразиялық экономикалық комиссиядан іс-шараға ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев, сондай-ақ ЕЭК Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлері қатысты.

Меморандум ЕАЭО-ғы заңды еңбек көші-қонына ықпал ету және ортақ еңбек нарығын үшінші мемлекеттердің заңсыз жұмыс күшінен қорғау саласында ЕЭК және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа негіз қалайды.

Құжат ақпараттық-талдамалық материалдар, нормативтік құқықтық актілер алмасуды, бірлескен іс-шараларға қатысуды бағамдайды. Меморандум шеңберінде сонымен қатар еңбек көші-қоны саласындағы ортақ тәсілдемелер мен қағидаттарды келісу, консультативтік органдар шеңберінде ынтымақтастықты дамыту жоспарланып отыр.

ҰҚШҰ ЗКҚКҮК хатшылығы қатысушыларды ЕЭК Алқасы жанындағы Көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында мақұлданған меморандум ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті ведомстволарының ұсыныстары ескеріле отырып пысықталғанын және оған кейіннен қол қою мақсатында мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін мемлекеттерге жіберілгенін хабардар етті. 

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердегі көші-қон ахуалын талқылады және ҰҚШҰ форматында жыл сайын өткізілетін «Заңсыз көшіп-қонушы» шартты атауымен заңсыз көші-қонға қарсы тұру бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларға ҰҚШҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін өңірлік операциясы мәртебесін беруге шешім қабылдады.

ҰҚШҰ ЗКҚКҮК жиырма бірінші отырысын 2018 жылы Душанбеде (Тәжікстан Республикасы) өткізу ұсынылды. 

Анықтама
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитет мүше мемлекеттердің өкілдерімен консультациялар өткізеді, ЕАЭО елдерінің азаматтарын жұмысқа орналастыру бөлігінде біріздендірілген құқықтық режим, сондай-ақ ортақ көші-қон саясатын жүзеге асыру үшін шарттық-құқықтық базаны қалыптастыру мәселелері бойынша, атап айтқанда көші-қонды бақылауды жетілдіру, еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін көші-қон және өзге мүдделі органдардың өзара іс-қимылы тиімділігін арттыру, ЕАЭО елдерінен келетін азаматтардың еңбегін заңсыз пайдаланудың жолын кесу бойынша ұсыныстар әзірлейді