Жүйеге кіру
Еуразиялық Жібек жолы электрондық тауар биржасы Еуразиялық ынтымақтастықтың Әмбебап тауар-шикізат биржасы базасында құрылатын болады

Еуразиялық Жібек жолы электрондық тауар биржасы Еуразиялық ынтымақтастықтың Әмбебап тауар-шикізат биржасы базасында құрылатын болады

06.06.2017

ЕуроАзиялық ынтымақтастықтың Қаржы-банктік қауымдастығының (ЕАЫ ҚБҚ) Бақылаушы кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Іскерлік кеңесі Төралқасының Еуразиялық Жібек жолы электрондық сауда биржасын құру туралы ұсынысын қолдады. Қауымдастық осы жобаны Еуразиялық ынтымақтастықтың Әмбебап тауар-шикізаттық биржасы (ЕЫ ӘТШБ) базасында іске асыру бастамасын көтеруге дайын. Бұл туралы оның төрағасы ретінде Бақылау кеңесінің отырысын өткізген Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов мәлімдеді.

«Жібек жолы мен ЕАЭО бастамаларын ұштастыру процесі осы кең көлемді жобалар арасындағы ымыра үшін жаңа мүмкіндіктер құра отырып, қарқынды даму сатысына барынша белсендірек шығуда. Қаржылық құрылымдар мен қауымдастықтарды қолдау ЕАЭО барлық елдерінің экономикалық дамуы жолында алға жылжуға сөзсіз ықпал ететін болады», – деп мәлімдеді Тимур Жақсылықов. Ол биылғы жылы ақпанда Бішкекте Жібек жолы Халықаралық сауда палатасы мен ЕАЭО Іскерлік кеңесі Еуразиялық Жібек жолы электрондық тауар биржасын құру жөніндегі келісімге қол қойғанын еске салып өтті.

Қауымдастықтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы, ЕАЫ ҚБҚ президентінің кеңесшісі Алексей Смоляковтың айтуы бойынша, ЕЫ ӘТШБ ерекшелігі бұл жағдайда биржалық механизм пен клирингтік өзара есептесуді мультивалюталық режимде жүргізу механизмінің бірігуінде болып табылады. Ресей және Қазақстан банктерінің қосылуы биржалық мәмілелерге үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етті. Алексей Смоляков айтып өткендей, саудаға қатысушылардың есеп айырысу шоттарын ашуымен ЕЫ ӘТШБ кең филиалдық желісі құрылады. Бұл олардың келісімшарттарды өз валюталарында төлеуіне мүмкіндік береді, ал трансшекаралық төлемдер мен конвертациялауды биржаның өзі жүзеге асырады. ЕЫ ӘТШБ алдында валюталар тізбесін кеңейту және филиалдық желіні дамыту бойынша міндеттен бөлек, тәуекелдерді хеджирлеу құралдарын құру бойынша міндет тұр. Алексей Смоляков Еуразия нарығына қатысушылардың барлығы бірыңғай электрондық биржа алаңын құруға қызығушылық танытатынын атап өтті.

Бұл ретте ЕЫ ӘТШБ мәмілелер көлемі соңғы уақытта елеулі артты. Биржаның филиалдық желісінің басшысы Егор Иванковтың деректері бойынша, бүкіл 2016 жыл бойы Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы сауда алаңындағы мәмілелер көлемі 4 млрд рубльді құрады, сонымен бір уақытта биылғы жылдың тек соңғы бес айында айналым 6 млрд рубльге жетті.

Бүгінде мәмілелер негізінен Ресей және Қазақстан субъектілері арасында жасалады. Отырыстың қорытындысы бойынша Арменияда, Беларусьта және Қырғызстанда республикалардың шаруашылық жүргізуші шағын және орта бизнес субъектілерінің ЕЫ ӘТШБ-ға қолжетімділігін оңайлату үшін орталық контрагент функциялары берілген заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысты жалғастыруды шешті. Бұл сауда көлемін арттыруға және саудаланатын тауарлар номенклатурасы тізбесін кеңейтуге алып келеді.

Сонымен қатар, отырыстың қорытындысы бойынша инновацияларды әзірлеу және ЕАЭО елдерінің экономикасына енгізу және еңбек нарығында сыныптауды бағалауды ұйымдастыру үшін «Жоғары технологиялар трансферті орталығы» жобасын дамытуды жандандыруға шешім қабылданды.

Анықтама
ЕуроАзиялық ынтымақтастықтың Қаржы-банктік қауымдастығы (ЕАЫ ҚБҚ) 2013 жылғы 11 қыркүйекте тіркелген. Оның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Банктері қауымдастығы, Ресей Өңірлік банктері қауымдастығы, Тәжікстан Банктері қауымдастығы, Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы, ШЫҰ Іскерлік клубы, ӨКХК Қаржы корпорациясы, ТМД Қаржы-банктік кеңесі болып табылады. Қауымдастықтың соның ішінде Қытайда, Сингапурда, БАӘ-де, Болгарияда, Беларусьта, Қазақстанда, Ресей өңірлерінде өкілдіктері бар. Қаржылық сектордың 40-тан астам құрылымы ЕАЫ ҚБҚ мүшелері мен әріптестері болып табылады. 

Қауымдастықтың мақсаты – ұлттық қаржы нарықтары қатысушыларының – ШЫҰ, БРИКС, ЕАЭО, ЕО елдеріндегі қауымдастық мүшелерінің тиімді қызметі үшін бизнес-жобаларды іріктеп алу және іске асыру, Еуразиялық инвестициялық жобалар банкін құру бойынша банкаралық ынтымақтастықты жолға қою арқылы қолайлы жағдайлар ұйымдастыру.

«Еуразиялық ынтымақтастықтың Әмбебап тауар-шикізаттық биржасы» АҚ (ЕЫ ӘТШБ) 2013 жылғы 10 желтоқсанда құрылды, бас кеңсесі Қазақстанда орналасқан. «ЕЫ ӘТШБ» АҚ коммерциялық экспорттық-импорттық мәмілелерді және ішкі нарықтағы мәмілелерді жүзеге асырады, сондай-ақ биржалық тауарлар тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүргізеді. Электрондық жүйе әртүрлі елдердің кез келген компаниялары үшін әртүрлі сауда әдістерін (классикалық саудалар, стандартты аукцион, қосарлы қарсы ауцион, коммерциялық ұсыныстарды сұрату және салыстыру) жүргізуге мүмкіндік береді. 

Бүгінде биржада 50 брокерлік фирма аккредиттелген. Биржаның Қазақстан бойынша төрт филиалы бар, оның Ресейде де өкілдіктері бар. Биржаның жарғылық капиталы 500 000 АҚШ долларын құрайды. Қазақстанның Ұлттық банкі «ЕЫ ӘТШБ» АҚ акцияларын шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізді.