Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Сауда-экономикалық мүдделер протекционизмді күшейтуге емес, сауда талаптарын және инвестициялық ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталуы тиіс»

ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Сауда-экономикалық мүдделер протекционизмді күшейтуге емес, сауда талаптарын және инвестициялық ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталуы тиіс»

07.09.2017

Еуразиялық интеграция 6-7 қыркүйекте Владивостокта (Ресей) өткен үшінші Шығыс экономикалық форумының негізгі тақырыптарының біріне айналды. «Үлкен Еуразия» жобасында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) рөлі, Одақтың сауда саясатын дамыту және оның Ресейдің іскерлік қоғамдастығы үшін мәні талқыланды.

«Өңір елдерінің үлкен Еуразия кеңістігінде дамудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру бойынша бірлескен күш-жігері бүгінде әлемдік экономиканың баяулауының жалғасуы және кері жаһандануға ықтимал бұрылудың жаңа үрдістері жағдайында сұранысқа ие нарықтарды біріктіруге, өсімнің дереккөздерін қолдауға ең жоғары деңгейде ықпал етеді,  деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина «Үлкен Еуразиялық әріптестік – болашаққа бағдарланған бірлесіп даму кеңістігін қалай кеңейту керек» атты панельдік пікірсайыста сөз сөйлеу барысында. – Еуразиялық экономикалық одақ осы процесте салмақты рөл атқарады, жалпы даму үшін ынтымақтастық идеологиясын ілгері жылжытатын флагмандар арасынан табылады».

Пікірсайысқа қатысушылар әлемдік интеграциялық процестердегі өңірдің рөлін, ЕАЭО елдерінің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуды және кері жаһандану және фрагментарлық өңірлендіру трендінің күшеюі жағдайында сауда-экономикалық қарым-қатынастардың болашағын талқылады.

Вероника Никишина «Ресейдің Азияға қақпасы»: Қиыр Шығыс АТӨ интеграциялық бастамаларында» атты панельдік пікірсайысқа қатыса отырып, ЕАЭО елдерінің екіжақты және көпжақты көліссөздер тректерін үйлестіру маңыздылығын, сондай-ақ сараланған сауда саясатының көмегімен Одақтың әлемдік сауда жүйесіне интеграциясына назар аударды. ЕЭК министрі АТӨ елдерімен келісімдер үшін келіссөздер күн тәртібін қалыптастыруда Қиыр Шығыс өңірінің іскерлік қоғамдастығының рөлін ерекше атап өтті және бизнесті осы процеске белсендірек қатысуға шақырды: «Біз сауда келісімдерін жасасуда өңірлік мүдде айқын екенін, Қиыр Шығыс өңірінің геолокациясы экспортты оның экономикалық дамуының негізгі тірегі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретінін көріп отырмыз. Бүкіл келіссөз процесі бизнес мүдделерімен басқарылуы тиіс екені ешқандай құпия емес. Бұл теория жүзінде. Практикада келіссөз жүргізушілер көбіне іскерлік қоғамдастықтың мұндай мүддені жеткілікті түсінбеуіне және коммуникацияның кешеуілдеуіне жиі ұшырасып жатады».

ЕЭК министрі соңғы жыл ішінде АТӨ өңіріндегі басты ойыншылардың бірі – АҚШ-тың сауда саясаты басымдықтарының өзгеруіне байланысты жаңа үрдістер пайда болғанын атап өтті. Америкалық риторикада саудалық реттеу қағидаларының протекционизм тарапына өзгеруі мүмкіндігімен қиыстырылатын «әділ сауда» термині жиі қолданыла бастады. Осындай саясаттың соңғы үлгілерінің бірі – биылғы жылы сәуірде АҚШ-тағы алюминий импортына қатысты тергеп-тексерудің басталуы. Осыған байланысты Вероника Никишина бұл тергеп-тексеру «Дүниежүзілік сауда ұйымының қолданыстағы қағидаларының мызғымастығы тұрғысынан Пандора жәшігін ашты» деп мәлімдеді.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша ЕЭК министрі өңірде интеграциялық күн тәртібін дамыту жалғасатынына сенім білдірді: «Сауда-экономикалық мүдделер ешнәрсеге қарамастан басымдыққа ие болатынына және саудалық өзара қарым-қатынастар үлкен Еуразия шеңберінде де, өңіраралық форматта да протекционизмді күшейтуге емес, шеңберінде сауда және инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық талаптары жетілдірілетін ашық экономикалық кеңістіктерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталатын болады деп сенгіміз келеді».

Форум алаңдарында Вероника Никишинаның Корея Республикасының сауда министрі Ким Хён Джонмен және Иранның РФ-ғы Елшісі Мехди Санаимен екіжақты кездесулері өтті. ЕЭК министрі сонымен бірге Үндістан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрі Нирмалы Ситхараманның қатысумен Үндістан делегациясы ұйымдастырған қабылдауға қатысты. Кездесулерде тараптар сауда-экономикалық қатынастардың ағымдағы беделін, соның ішінде ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы мен форматтарын талқылады.

Вероника Никишинаның айтуынша, ынтымақтастық талқыланатын елдердің әрқайсысынан преференциалды келісімдерден бастап бірлескен мүдде жобаларын іске асыруға дейінгі уағдаластықтың абсолютті жеке-дара форматы көзделеді.