Жүйеге кіру
ЕЭК өкілдері ЕАЭО-да мемлекеттік-жекеше әріптестік механизмдерінің дамуы туралы әңгімеледі

ЕЭК өкілдері ЕАЭО-да мемлекеттік-жекеше әріптестік механизмдерінің дамуы туралы әңгімеледі

IMG_0724.jpg
07.11.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өкілдері Нұр-Сұлтанда (Қазақстан Республикасы) өткен «МЖӘ және инвестициялаудың ESG факторлары» бірінші халықаралық форумына қатысты.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Гнел Маилян форумның жалпы сессиясында сөз сөйледі және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасындағы МЖӘ саласындағы реттеу үрдістері туралы әңгімеледі.

ЕАЭО елдері экономикаларының дамуы үшін МЖӘ механизмдерінің айрықша маңызы бар екендігі атап өтілді, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибені, соның ішінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы әзірлеген «бәрінен бұрын адамдар» (People-first PPP) қағидатына негізделген МЖӘ стандарттарын пайдалану қажеттігі көрсетілді.

 

ЕЭК өкілі ЕАЭО мемлекеттерінде мемлекеттік-жекеше әріптестікті дамыту мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум, Меморандум шеңберіндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын және «Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі мемлекеттік-жекеше әріптестік жөніндегі практикалық нұсқама» дайындаған Одақ шеңберінде МЖӘ механизмдерін дамыту жөніндегі сарапшылық топ жұмысының нәтижелерін ұсынды.

 

«Бюджеттік шектеулер жағдайында МЖӘ механизмі айрықша маңыз алады, ол бюджеттен тыс инвестициялау көздерін тарта отырып, ЕАЭО елдерінде капиталды қажетсінетін ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ете алады», – деп тұжырымдады сөзінің қорытындысында Гнел Маилян. 

 

Анықтама

 

«МЖӘ және инвестициялаудың ESG факторлары» халықаралық форумы – МЖӘ мен инвестициялаудың өзекті мәселелері, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты және жобаларды бірлесіп жоспарлауды нығайту, адамдар үшін құндылық, қызметтер көрсетудің сапасы мен қол жеткізуді құруға арналған әріптестік жөніндегі диалогқа арналған алаң. Форум инвесторларды, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіреді.