Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері Кеден кодексін ратификациялау ісін аяқтауда

ЕАЭО елдері Кеден кодексін ратификациялау ісін аяқтауда

AJ0I6980.jpg
08.12.2017

«Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі бірегей құжат болып табылады, – деп мәлімдеді  Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Мұқай Қадырқұлов IV Еуразиялық экономикалық конгрестің барысында. – Бұл әзірлену ісіне бизнес те қатыстырылған ЕАЭО елдерінің тарихындағы алғашқы заңнамалық акт. ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлері кеден органдарымен қатар бірлесе отырып, жаңа Кодекстің тұжырымдамасын айқындады және нормалар мен қаңидалар бойынша да, және мәтініндегі нақты түсініктемелер бойынша да ұсыныстарын енгізді. Бизнес өзінің көзқарастарын өте сауатты дәйектеп бере алды. Нәтижесінде ЕАЭО кәсіпкерлік қоғамдастығының 70% астам ұсыныстары жаңа Кеден кодексінде көрініс тапты».

Қазір Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты Ресей мен Беларусь ратификациялап үлгерді. Армения мен Қазақстанда жаңа Кеден кодексін парламенттері мақұлдады, енді соңғы кезеңі – мемлекет басшыларының Шартты ратификациялау туралы жарлықтарына қол қоюы қалды.   Қырғызстанда Одақтың жаңа кеден заңнамасы әлі парламенттің қарауында жатыр.

Бизнес-лоббисттердің тиімді жұмысының мысалы ретінде ЕЭК министрі уәкілетті экономикалық оператор (УЭО) мәртебесін иеленетін сыртқыэкономикалық қызметтің қатысушылары енді қымбат тұратын кедендік сүйемелдеуден арылғандықтарын келтірді.

«Бизнес УЭО мәртебесін алумен қатысты болатын барлық жүктемелерге баратынын айтты, алайда бұл ретте тек минималды жеңілдіктерді ғана көріп отыр. Сондықтан да жаңа Кодекс біз жеңілдіктердің тізбесін едәуір кеңейттік. Олар бүгінгі төртеуге шаққанда 17 болады. Жаңа жеңілдіктердің арасында – транзит кезінде УЭО кедендік сүйемелдеуден босатылуы бар, – деді  Мукай Кадыркулов. – Бұл норма бизнестің талабының арқасында пайда болды. Кеден қызметтері ұзақ уақыт бойына өз пікірінде болды, алайда бизнес соны көп күтіп дегеніне жетті».

ЕЭК министрінің айтуынша, Кодексті дайындау кезінде кәсіпкерлердің пробелсенді осындай мысалдары жетерлік болды.

«Еуразиялық «бестіктің» бизнес-қоғамдастығы көп жағдайда мұндай жеңілдіктер кеден органдарының реттеушілік функцияларына ешбір залал келтірілмейтіндігін негіздеп бере алды. Бұл бірінші кезекте, кеден байқап отырған барлық қатерлерді СЭҚ қатысушылары өздерінің міндеттемелерімен байланыстыра алғандығынан қол жеткізді», – деді ЕЭК Алқасының мүшесі.

Мукай Кадыркулов ЕАЭО Кеден кодексін ЕАЭО елдерінде жергілікті ғана қолданыста болып отырған құқық қолданудың озық тәжірибелерін өзіне жинастырып қана қоймай, сонымен бірге ақпараттық технологияларды ескере отырып, СЭҚ реттеу жүйелерін одан әрі жаңғыртуға бағытталған деп сипаттап берді.

«Біз электронды технологияларға көшуге мүмкіндік туғызатын барлық ықтимал жеңілдіктерді  нормативтік тұрғыдан шешіп алдық. Бұл бақылаушы органдарға құжаттардың бірреттік ұсынылуы, декларацияның ілеспе құжаттарсыз табыс етілуін, декларациялардың тіркелуіннен бастап тауар шығарумен аяқтай отырып, барлық кедендік операциялардың автоматты режимде инспекторлардың және тағы басқалардың кірісуінсіз бағдарламалық құралдармен жүзеге асыру мүмкіндігі. Енді – іске асырылуы ғана қалды», – деп қорытындылады сөзін ЕЭК кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр.

Мукай Кадыркуловтың айтуынша, осы құжатқа кіріктірілген прогрессивтік нормалар Одақты бар аумағында штаттық режимде  жұмысын бастауы үшін, СЭҚ реттеу ісіне кірістірілген ұлттық кеден қызметтеріне және мемлекеттік ведомстволарға бағдарламалық-техникалық және ақпаратты жүйелерін жаңғырту жөніндегі елеулі жұмыстарды жүргізулеріне тура келеді.