Жүйеге кіру
9 Мамыр – біздің елдеріміздің тарихындағы ұлы күн

9 Мамыр – біздің елдеріміздің тарихындағы ұлы күн

09.05.2017

Құрметті әріптестер, достар!

9 Мамыр – біздің елдеріміздің тарихындағы ұлы күн. Соғыстың төрт жылы ауыр қазаларға және ұлы төзімділіктің бақытына, жеңілістің көз жасына және жеңістің мақтанышына, қажымас батырлық үлгілеріне және біздің халқымыздың бірігуіне толы болды. 

Біздің барлығымыз үшін Жеңіс Күні – бұл ерліктің, туған үйді, өз жақындарымыз бен туыстарымызды иін тірестіре отырып қорғай білудің, ажалдан қорықпаудың және өмір үшін кез келген жауды жеңе білудің басты символы!

Мен соғыстар алып келетін қайғы-қасіреттердің қайталанбауы тиіс екеніне сенімдімін. Сондықтан, Жеңіс Күні – бұл біздің бейбітшілікте өмір сүру үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіс екендігімізді, халықтар бен елдерді біріктіретін нәрселерге уағдаласуымыз және соны іздеуіміз керек екенін де еске салады.

Жеңіс Күнімен! 
Үйлеріңіз бен отбасыларыңызға бейбітшілік тілеймін!

ЕЭК Алқасының Төрағасы
Т.С.Саркисян