Навіны

19.11.2021 (Обновлено: 29.03.2022 10:49)

ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері электрондық сауданы дамыту жөніндегі жол картасын мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 18-19 қарашада Ереванда көзбе-көз форматта өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары туралы журналистерге айтып берді.

2021–2023 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ЕЭК Алқасы Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарының тізбесін бекітті.

 

2022 жылы Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда, соған сәйкес олардың басымдықты дамыту, пайдалану сипаттамаларын қадамдастыру, сондай-ақ оларды цифрландыру бағамдалуда. Тауарлардың өткізілуі үшін бұл шынында да өте маңызды.

 

Біз қараған тағы бір құжат — Навигациялық пломбалар жөніндегі келісім — жоғары дәрежедегі дайындықта тұр. Ол ЕАЭО ішінде және үшінші елдермен сауда кезінде тауарлардың орын ауыстыруын айтарлықтай жақсартады.

 

Бұл бағытта оң нәтижелер бар екенін айтсақ та жеткілікті. 2021 жылдың тоғыз айының қорытындылары бойынша көлік саласының қалпына келуі байқалуда. Одақ бойынша жүк айналымы 5,1% артты.

 

Мүше мемлекеттерде олардың өндірісін жолға қоюға мүмкіндік беретін, Одақ елдерінің стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі 2024 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары да іске асырылуда.

 

Оның мақсаты — Одақтың дәрілік қауіпсіздігіне қол жеткізу, фарминдустрия компанияларының ЕАЭО-ның бірегей өнімін инновациялыққа бағдарлай отырып, оны нарыққа шығаруға қызығушылығын ынталандыру.

 

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте фармацевтика өнімінің өзара сауда көлемі 625 млн АҚШ долл.құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегіден 21,7% артық.

 

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте COVID-19-ға қарсы вакциналарды қоса, Одақ нарығына 155 млн АҚШ долл.вакциналары жеткізілді. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда өсім — 27 есе.

 

Біздің бұдан арғы жұмыстарымызға қатысты басқа да бірқатар шешімдер қабылданды.

 

Мен бүгінгі отырыста қалыптастырылған нақты шешімдер үшін үкімет басшыларына айрықша алғысымды білдіремін.