News

29.04.2021 (Обновлено: 29.12.2021 17:12)

Қаптамадағы көзге түсерлік жазулар ЕАЭО азаматтарының қажетті тауарды таңдауына көмектеседі

Кеден одағының «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі» (КО ТР 022/2011) техникалық регламентіне Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2018 жылғы қыркүйекте қабылдаған өзгерістер бойынша өтпелі кезең 28 сәуірде аяқталды. ЕЭК Кеңесі ол кезде, атап айтқанда, тұтыну қаптамаларндағы ақпараттың жақсы оқылатындығы мен қабылдануын қамтамасыз ететін өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптарды нақтылады. «Жеңіл оқылатындық», «ұғынықтылық» ұғымдарының критерийлері нақтыланды, тамақ өнімін таңбалау кезінде жекелеген мәліметтерді көрсететін қаріптердің биіктігіне қойылатын талаптар айқындалды, тамақ өнімінің ойлап шығарылған атауы туралы мәліметтерді қаптамаға орналастыруға қойылатын талаптар енгізілді.

Мысалы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер биіктігі 2 мм аз жай әріппен көрсетіле бастады. Ал тамақ өнімінің құрамы, сақтау жағдайлары, атауы мен дайындаушының орналасқан жері туралы және басқа бірқатар мәліметтер 0,8 мм аз жай әріппен көрсетіледі.

Бұл ретте 2021 жылғы 28 сәуірге дейін тамақ өнімінің оны таңбалауға қойылатын бұрынғы міндетті талаптарға сәйкес Одақтың кедендік аумағындағы өндірісі мен шығарылуына жол берілді. Өтпелі кезеңнің аяқталуымен өндірісшілерде енді мұндай мүмкіндік жоқ. Қазір олар жаңа нормалар бойынша ғана жұмыс істеуге міндетті.


Еске сала өтсек, «жеңіл оқылатындық» критерийі таңбалауда пайдаланылатын қаріптің дәлдігі мен түсініктілігі, сондай-ақ арнайы оптикалық бейімдегішті (бұған көзәйнектер мен жапсырма линзалар қосылмайды) қолданбай оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін фонының түсі мен оған басылған ақпараттың түсінің арасындағы қарсы үйлестік болып табылады. «Ұғынықтылық» критерийі – мәтін нысанында не мәтінде және бейнелеу нысанында өнім туралы ақпараттың мағынасын берудің бір мәнділігі.



Тамақ өнімінің ойлап табылған атауы (бар болған кезде) туралы мәліметтерді қаптамаға орналастыруға қойылатын талаптар да осы өзгерістермен енгізілді. Ол атауына кірістірілуге және оған тікелей жақын жерде орналастырылуға тиіс.

Бұдан басқа, тұтыну қаптамасында қамтылмаған немесе тамақ өнімдерін немесе тұтыну қаптамасындағы тамақ өнімдерінің құрауыштарын өндіру кезінде пайдаланылмаған немесе хош иісі осындай өнімнің құрамына кіретін құрауыштар кейпін келтірмейтін дәмі бар тамақ өнімдері туралы мәліметтерді тұтыну қаптамасына орналастыруға қойылатын талаптар нақтыланды.

Көрсетілген тамақ өнімдерінің айналысына дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол берілетінін де атап көрсеткен жөн.