News

18.05.2021 (Обновлено: 21.12.2021 10:41)

ЕАЭО кремний баждарын төмендету арқылы алюминий қорытпаларын өндірушілерді қолдайды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 18 мамырдағы отырысында 2021 жылдың соңына дейін техникалық тазалықтағы кристалды кремнийге арналған кедендік әкелу бажын нөлге түсіру туралы шешім қабылдады.

Негізінен шикізаттың осы түрін өндіру жөніндегі қуаттар Одақ аумағында Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасында шоғырланған. Алайда қолданыстағы өндіріс ішкі тұтынушылардың қажеттіліктерін 70%-дан асырмай өтейді. Кремнийдің қажетті көлемінің үштен бір бөлігі алыс шетелдерден әкелінеді.

«Шара халықаралық нарықтың алюминий қорытпаларына қажеттілігі құрылымының өзгеруі салдарының ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасына әсерін қысқарту үшін енгізіледі. Шешім кремниймен қоспаланған алюминий қорытпаларын және олардан жасалатын бұйымдарды өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға арналған», — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Техникалық және жоғары тазалықтағы кристалды кремнийдің ұқсас жіктеу белгілерін ескере отырып, декларациялауды оңайлату үшін шикізаттың екі түріне де ставкалар уақытша нөлденеді.

Қаралатын тауарларға кедендік әкелу баждарының қолданыстағы ставкалары 5% құрайды.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.