News

26.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 11:10)

ЕЭК ЕАЭО елдерімен бірлесіп ынтымақтастықты нығайту және Одақ мемлекеттерінің кооперациясын дамыту шараларын әзірледі

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы өткен жыл ішіндегі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын іске асырудың жыл сайынғы мониторингі және талдау нәтижелері туралы баяндаманы мақұлдады.

Баяндаманы таныстыра келіп, Комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян мүше мемлекеттердің, соның ішінде Негізгі бағыттарды іске асыру шеңберінде қабылдаған шараларының арқасында Одақтың өнеркәсібі COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы күрес жағдайында бұл сын-қатерді лайықты жеңіп шыға алды деп атап өтті.

2020 жылы сандық өлшемдерді сипаттайтын көрсеткіштер бойынша азаю байқалды, ал сапалық даму критерийі пандемияға қарамастан өсуді жалғастырды.

Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2%, өзара сауда көлемі 6%, мүше мемлекеттер арасындағы кооперациялық жеткізілімдер көлемі 7,5% азайды.

Ал сол кезде еңбек өнімділігінің өсуі (1%-ға жуық) қамтамасыз етілді, ЕАЭО нарығында мүше мемлекеттерде өндірілген өнімнің үлесі (0,4%) артты, өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы жоғары технологиялық салалардың үлес салмағы (ол да 0,4%) өсті.

Үстіміздегі жылғы өзгерген, бәрінен бұрын бүкіл әлемді қамтыған COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық конъюнктураны ескере отырып, ЕЭК-тің өнеркәсіп блогы одақтық елдердің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, баяндамада тараптардың өнеркәсібі үшін интеграцияны одан әрі дамыту басымдықтары және пандемияның теріс салдарын тездетіп жою жөнінде ұсыныстар әзірлеп, ұсынды.

Түйінді міндет - ынтымақтастықты нығайту және ЕАЭО мемлекеттерінің кооперациясын дамыту жөніндегі тиімді шараларды кірістіретін Өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарының осы жылғы мамырда қабылданған жаңа редакциясын тезірек іске асыру болып табылады. Олардың арасында - Одақ елдерінің шаруашылық жүргізуі үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету; өнеркәсіптің инновациялық дамуға ауысуы үшін жағдайлар жасау; одақтық мемлекеттер өнеркәсібінің цифрлық трансформациясы; өнеркәсіпті экологияландыру және жасыл технологияларды ендіру; инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі, соның ішінде индустриалдық-инновациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту саласындағы ынтымақтастық; Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияға қатысатын ұлттық компанияларды ынталандыру механизмдерін дамыту; өнеркәсіп өнімінің үшінші елдерге экспортын қолдау және т.б. бар.

ЕЭК Алқасы мақұлдаған баяндама Одақ мемлекеттерінің үкіметтеріне жіберіледі, сондай-ақ Комиссияның ресми сайтына орналастырылатын болады. Баяндамада жазылған өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың таяудағы перспективаға арналған бағдарларының арқасында ол одақтық елдердің Негізгі бағыттарда көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі іс-қимылын үйлестірудің маңызды құралы болады, Еуразиялық өнеркәсіптік интеграцияның барлық саласы бойынша белгіленген шараларды орындауға көмектеседі.

Баяндаманы дайындау ЕАЭО туралы шартта, сондай-ақ 2015 жылы Одақ елдерінің Премьер-министрлері бекіткен Одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарында көзделген.