News

20.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 15:23)

ЕАЭО мемлекеттері үкіметтерінің басшылары теміржол жүк тасымалдарын цифрландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүддесіне орай теміржол жүк тасымалдарын цифрландыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
«Батыс – Шығыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттары бойынша транзиттік теміржол жүк тасымалдарын қарқынды ету үшін оларды Одақ мемлекеттері аумағында қағаз құжат айналымын пайдаланбай жүзеге асыру қажет», — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Оның сөзінше, жоспарда теміржол тасымалдаушылары арасындағы ақпарат алмасудың толықтығы мен сапасын арттыруды, Одақ ішінде жүктерді тасымалдау үшін тасымалдау және тауарға ілеспе құжаттарға қатысты қағазсыз технологияларға көшуді, халықаралық тасымалдарды ресімдеу кезінде заңдық маңызы бар электрондық құжат айналымына көшуді, сондай-ақ СЭҚ қатысушыларының ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау салаларын қоса, мүше мемлекеттердің бақылаушы органдарымен электрондық өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін іс-шаралар көзделген.

Іс-шаралар жоспары 2023 жылғы наурызға қарай толық іске асырылып болады деп бағамдалуда. Оны жүзеге асыру ЕАЭО мемлекеттері арасындағы, ал кейіннен Одақтан тыс шектес елдермен, бірінші кезекте Қытай Халық Республикасымен екіжақты және транзиттік тасымалдар кезінде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаудың кешенді электрондық технологиясына көшуге мүмкіндік береді.