News

18.10.2021 (Обновлено: 21.02.2022 15:07)

Игорь Назарук: «Үлкен Еуразия бизнесінің мүдделерін шоғырландыру экономикалық қалпына келтіруге ықпал ететін болады»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Игорь Назарук Сиандағы (ҚХР) Еуразиялық экономикалық форумға қатысушыларға қайырылған құттықтау сөзінде осындай пікір айтты.

«Бірінші кезекте, өз нарықтарын кеңейтуге ұмтылған, тұрақты және дұрыс болжанған ойын қағидаларын қамтамасыз еткен, трансшекаралық сауда мен кооперацияның оңтайлы тізбектерін түзген бизнестің арқасында жаһандану мүмкін болды. Қалпына келтіру бұл ретте COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемге таралып, ал әлемнің сипаты терең де күрделі өзгерістерге ұшырап жатқан жағдайларда өтетін болады»,- деп атап көрсетті ол.

 

«Экономикалық жоғалтулардың теңдессіз ауқымы экономикалық өсуді қайта түлету үшін шығынды шектеулерден арылуды талап етеді, ал бұл үшін инфрақұрылымды, цифрландыруды орнатып біту, реттеу жүйелерін ұштастыру арқылы байланыстылықты арттыру қажет. Барлық елдерде де бизнестің күнкөріс міндеті тұр, ал оны бірге шешуіміз керек»,- деп сенімділік білдірді Игорь Назарук.

Оның сөзінше, сауда қатынастарын түзудің түйінді қағидаттары мемлекеттер мүдделерінің ұзақ мерзімділігі, бірін бірі толықтырушылық және дұрыс болжану болып табылады. ЕАЭО елдері осы қағидаларды басшылыққа алады әрі оны ҚХР-ға және басқа елдерге ұсынады.

«Қытайдың бүгінде Одақтың қарымды сауда әріптесі болып табылатыны сөзсіз. Біз ынтымақтастықтың салалық бағдарламаларының қалыптастырылуына мүдделіміз және бұл жұмысқа бизнесті тартудың жаңа механизмдерін белсенді пайдаланамыз»,- деп атап көрсетті ЕЭК департаментінің директоры.

Сонымен қатар ол сауданы дамытудың жаңа үрдістерін: денсаулық сақтау, электрондық сауда, жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты жіберіп алмаудың маңыздылығын атап өтті. Инновациялық өсімді ынталандыру, әлемдік экономиканың бірқалыпты қалпына келуіне жәрдемдесу, ДСҰ аясында көпжақты сауда жүйесін қорғап қалу, ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіру қажет.