News

20.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 14:59)

19-20 тамыздағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары

19-20 тамызда Чолпон-Атада (Қырғыз Республикасы) көзбе-көз форматта болып өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары 22 мәселені қарады

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүддесіне орай теміржол жүк тасымалдарын цифрландыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Үкіметаралық кеңес мүше мемлекеттердің өзара және сыртқы саудасын қолдау үшін Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын (ЕҚК) құру жөніндегі практикалық жұмысқа жол ашты.

Үкіметаралық кеңес жекелеген тауарларға қатысты экспорттық шараларды жақындастыру туралы шешім қабылдады.

Үкіметаралық кеңес ЕЭК-ке Одақ елдерінің аккредиттеу саласындағы уәкілетті органдарымен бірлесіп таяудағы перспективада Аккредиттеу жөніндегі өңірлік ұйым (АӨҰ) құру мәселесін кешенді пысықтауды тапсырды.

Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ауыл шаруашылығы тракторлары мен автомобильдер өндірісінің шарттары айқындалды.

Үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында 2021-2022 жылдары жойылуға жатқызылған алып қоюлар мен шектеулердің тізбесін бекітті.

Одақтағы деректер айналымы туралы келісімді пысықтау мақсатында цифрлық трансформация мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобын қалыптастыру туралы шешім қабылданды.

Үкіметаралық кеңес ЕЭК Алқасының бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істер жөніндегі шешімдерін олардан шектеулі таратылатын ақпаратты алып тастай отырып жариялау тәртібін мақұлдады.

Үкіметаралық кеңес ЕАЭО-да парник газдарының шығарындыларын және экологиялық төлемдерді реттеу мәселелерімен айналысатын жұмыс тобын қалыптастыру туралы шешім қабылдады.

ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларына 2020 жылғы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау жүргізу мониторингі ұсынылды.

Үкіметаралық кеңес көлік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасын бекітті.

Үкіметаралық кеңес ЕАЭО шеңберінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (жол картасын) бекітті.

Үкіметаралық кеңес ЕАЭО өндірушілері мен үшінші елдер үшін Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын сатып алу бағдарламасына қатысудың тең жағдайларын қамтамасыз ету туралы өкім қабылдады. Сөз мүше мемлекеттер мен үшінші елдер өндіретін техника мен жабдықтың бірлігіне субсидияларды есептеу үшін әртүрлі барынша рұқсат етілетін құнды белгілеуді алып тастау туралы болып отыр.

Үкіметаралық кеңеске Қазақстан тарапының «Автоматтандырылған трансшекаралық сауда-есептеу интеграцияланған жүйесі» (АТСИЖ) жобасын іске асыру туралы ақпараты ұсынылды. ЕЭК-ке ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп, Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде Комиссияның сарапшылық алаңдарында жобаны іске асыру тәжірибесін талқылау жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ мүше мемлекеттер ұсынған өзге де жүйелер мен платформаларды талқылау тапсырылды.

ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшылары 2020 жылғы мүше мемлекеттер бюджеттері арасындағы кедендік әкелу бажының сомаларын есепке жатқызу және бөлу мәселесін қарады, 2020 жылғы мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын, ортақ газ нарығын қалыптастыру барысы туралы баяндамаларды тыңдады.

Бұдан басқа, ЕҮК аясында Транзиттік әлеуетті орнықты дамытуға жәрдемдесу және ЕАЭО теміржол көлігінің экологиялық қауіпсіздігі туралы меморандумға қол қойылды. БКЛК әзірлеген құжат көміртегі ізін одан әрі азайтуды қоса, компания жұмысының экологиялық қағидаттарын бекітуге, сондай-ақ тасымалдарды контейнерлендіру мен цифрландыруды қоса, оның қызметінің басқа бағыттарын дамытуға ықпал етуге тиіс.

 

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы биылғы қазанда Ереванда (Армения Республикасы) болады.

 Отырысқа ЕҮК төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Улукбек Марипов, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, сондай-ақ Куба Республикасының Премьер-министрі Мануэль Марреро Крус, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Куба Үкіметінің Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Өкілетті Өкілі Хулио Антонио Гармендия Пенья, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Николай Подгузов қатысты.