News

14.10.2021 (Обновлено: 21.02.2022 14:11)

Михаил Мясникович Акылбек Жапаровты және Қырғызстан Министрлер Кабинетінің жаңа құрамын тағайындалуымен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Акылбек Жапаровты Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалуымен, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің жаңа құрамын жауапты жоғары мемлекеттік қызметке тағайындалуымен құттықтады.

Акылбек Жапаровтың атына ЕЭК Алқасының басшысы жолдаған құттықтау хатта: 

«Сіздің бай басқарушылық және халықаралық тәжірибеңіз, ең күшті тұлғалық қасиеттеріңіз Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің табысты және тиімді жұмысының кепіліне айналып, Еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестерді дамыту үшін сенімді тірек бола береді деп сенемін»,- делінген.

Михаил Мясникович ЕЭК Алқасы атынан Акылбек Жапаровты Комиссия алдағы уақытта да Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің өзара пайдалы, соның ішінде Одақ елдерінің экономикасын дамыту мен халқының әл-ауқатын арттыру мүддесіне орай іс-қимыл жасай отырып, Еуразиялық үкіметаралық кеңес жұмысын дайындау мен қамтамасыз ету шеңберіндегі ынтымақтастығына ықпал ете береді деп сендірді.

 

Акылбек Жапаровқа және Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің жаңа құрамына ЕЭК Алқасының Төрағасы мықты денсаулық, сау-саламаттық және Қырғызстан халқының игілігі үшін белгіленген жоспарларды ойдағыдай іске асыруды тіледі.