News

10.06.2021 (Обновлено: 30.12.2021 11:01)

ЕАЭО елдерінің авиақұрылыстағы ынтымақтастығы бағдарлары талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің авиақұрылыс саласындағы өнеркәсіптік кооперациясын кеңейту мүмкіндігін талқылауда. ЕЭК елдердің осы саладағы ынтымақтастығын жандандыру, өзара іс-қимылдың жаңа тізбектерін құру ниетінде, олар қорытындысында ЕАЭО-да қосылған құнның артуына әкеледі. Ол туралы 10 маусымда ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян «Иркут» корпорациясы» ЖАҚ филиалы – Иркутск авиация зауытының өндірістік алаңдарына жұмыс сапары барысында мәлімдеді.
«Авиақұрылыстағы бірлескен жобалар ЕАЭО-да микроэлектроника, прибор жасау және станок жасау, қара және түсті металлургия өнімдерін барынша қажетті етеді, – деп атап өтті Артак Камалян. – Одақтың авиаөнеркәсібінде одан әрі даму және ішкі және әлемдік нарықтардағы өз позицияларын нығайту үшін технологиялық және кадрлық мүмкіндіктер бар».

ЕЭК министрі атап өткендей, Одақтың авиақұрылыс саласындағы кәсіпорындарында әлеует мол және оны толық іске асыру қажет. Артак Камалянның Иркутск авиация зауытының бас директоры Александр Вепревпен кездесуінде авиаөнеркәсібінде кооперацияны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар айтылды, олар Комиссия алаңында қарастырылатын болады.

Анықтама

«Иркут» корпорациясы» ЖАҚ филиалы – Иркутск авиация зауыты (РОСТЕХ ГК БАК құрамында) Ресейдің барынша заманауи және қарқынды даму үстіндегі машина жасау кәсіпорындарының қатарына кіреді.
Зауыттың мүмкіндіктері жаңа авиация техникасы өндірісін конструкторлық және технологиялық дайындауды, керек-жарақтар дайындауды, тәжірибелік және сериялық ұшақтар шығаруды, олардың жерүстілік және ұшыру сынақтарын, сатудан кейінгі қызмет көрсетуді қамтитын жұмыстардың толық циклын орындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде зауыттың басым бағдарламасы – МС-21 сериялық ұшақтардың сериялық өндірісін жолға қою. МС-21-300 алғашқы сериялық ұшақтары ақырғы құрастыру кезеңінде тұр.