News

01.07.2021 (Обновлено: 30.12.2021 16:22)

Темирбек Асанбеков ЕЭК-тің Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі болып тағайындалды

Темирбек Асанбеков Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 30 маусымдағы шешімімен Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссияның министрі болып тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы көлік, инфрақұрылым және энергетика мәселелері кіреді.

Темирбек Асанбеков Комиссиядағы бұл қызметінде Эмиль Кайкиевті ауыстырды.

ЕЭК-тің жаңа министрінің кәсіпкерлік қызмет саласындағы басшылық жұмыста айтарлықтай тәжірибесі бар. 2010 жылы ол «Қырғызстандықтарды қорғауға жәрдемдесу және қолдау орталығы»  КӘ (Мәскеу қаласы) құрды. «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының (Ресей) мүшесі болып табылады, экономикалық клубтың үйлестіру кеңесінің құрамына кіреді.

2010 жылдан бастап 2021 жылға дейін Қырғызстанның
«Мекен Ынтымагы»  саяси партиясының
көшбасшысы болды.