News

10.12.2021 (Обновлено: 04.04.2022 17:18)

ЕАЭО-ның көрсетілетін қызметтерді берушілері мүлікті бағалау жөнінде қызметтер көрсету нарығына қол жеткізеді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 10 желтоқсанда өткен отырысында ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына қатысты ортақ тәсілдемелерді мақұлдады.
«Ортақ тәсілдемелер ЕАЭО-ның барлық елінде тұтынушылардың құқықтары мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің мүддесін қорғауға кепілдік беретін әртүрлі механизмдерді қамтиды»,- деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.

Атап айтқанда, құжат ұлттық режим және өзге қорғау режимдері жағдайында мүлікті бағалау жөнінде көрсетілетін қызметтерді жеткізуді, ЕАЭО-ның басқа елдерінің бағалаушыларының қызметін кемсітусіз бақылауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ бағалау көрсетілетін қызметтерін жеткізушілердің тізілімін жүргізуді көздейді.

ЕАЭО елдерінің заңнамасына ортақ тәсілдемелерді ендіру – көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тіркеу елінде берілген рұқсаттар мен біліктіліктер негізінде оларға қосымша растаусыз мүлікті бағалау нарығына кіруге рұқсат беруді қамтамасыз етудің алғашқы қадамы.

Анықтама:

Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы – тараптар кемсітушілік, сандық және өзге шектеулер қолданбайтын, рұқсаттар мен біліктіліктер танылатын және Одақтың бүкіл аумағында қосымша заңды тұлға нысанын құрмай көрсетілетін қызметтерді жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін көрсетілетін қызметтердің нақты секторының жай-күйі. Бүгінгі таңда бірыңғай нарық форматында көрсетілетін қызметтердің 55 секторы жұмыс істейді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 19 шешіміне сәйкес мүлікті бағалау жөнінде көрсетілетін қызметтер секторы ортақ тәсілдемелерді имплементтеуді қоса, бірқатар шарттарды орындаған кезде бірыңғай нарық режиміне 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап көшеді.