News

25.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 17:58)

ЕАЭО елдерінің күн тәртібінде - акваөсірудің орнықты дамуы

Еуразиялық экономикалық комиссияның Агоөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян мен Федералдық балық аулау агенттігінің басшысы Илья Шестаковтің кездесуінде ЕАЭО мемлекеттерінің ынтымақтастығы негізінде балық өнімдері мен акваөсіру өндірісінің тиімділігін арттыру және осы салада қазіргі заманғы технологияларды пайдалану мәселелері талқыланды.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің балық шаруашылығы үшін маңызы бар инвестициялық жобаларды іске асыру саласындағы, бірінші кезекте, әзірге үшінші мемлекеттердің импортына тәуелділік сақталып отырған балық азығы өндірісі бойынша бірлескен қызметін дамыту ұсынылды.
«Біз акваөсірудің айтарлықтай әлеуетін көріп отырмыз және бірлескен күш-жігермен импорт алмастыруға байланысты толғақты міндеттерді шешуге және сектордың одан әрі серпінді дамуы үшін дайындаманы қамтамасыз етуге қол жетеді деп сенеміз. Әсіресе табиғи ресурстарды қалпына келтіру мен сақтау, сондай-ақ қазіргі заманғы, тиімді технологияларды қолдану маңызды», — деді Армен Арутюнян.


Балық шаруашылығы саласында мамандар даярлау және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін ізеуіртті пысықтау үшін балық шаруашылығы инститтуттарын Одақтағы академиялық ұтқырлықты дамыту жөніндегі жұмысқа кірістіру, сондай-ақ ғылыми-білім беру және бизнес-топтары өкілдерінің қатысуымен өңіраралық конференция ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесуде Одақ елдері үшін бірыңғай акваөсіру өнімдері өндірісіне арналған экологиялық стандарт әзірлеу, сондай-ақ балық шаруашылығы саласын нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге қатысты тәсілдемелерді біріздендіру жөніндегі бастамаға жекеленген назар аударылды.

«Балық аулау саласында бүгінде біз көріп отырған экологиялық күн тәртібіне байланысты қазіргі заманғы сын-қатерлер таяу болашақтың өзінде балық өсіру үшін өзекті болады. Бұл балық аулаудың белсенді дамуына байланысты: қызметтің осы түрі үшін іске қосылған су объектілерінің саны артуда, өндіріс көлемінің артуына орай су айдынына түсетін жүктеме өсе түсуде», — деп атап өтті Илья Шестаков.


Анықтама:

«Росрыболовство» федералдық агенттігі Ресей Федерациясының ішкі суларында балық аулау және су биоресурстарын сақтау саласында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды), балық шаруашылығы қызметі, сондай-ақ балық өсіру (акваөсіру), тауарлы балық өсіру, су биологиялық ресурстарынан балық және өзге де өнімдер өндіру саласындағы мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асырады.

ЕЭК Алқасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 8 ұсынымында Одақ мемлекеттерінің акваөсіру саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі шаралар кешені көзделген.