News

19.11.2021 (Обновлено: 29.03.2022 10:13)

ЕАЭО-да Еуразиялық төмен көміртекті даму бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 18 қарашадағы отырысында үкімет басшыларына климаттық күн тәртібі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің позицияларын жақындату жөніндегі жұмыс барысы туралы баяндалды.

Бұдан бұрын Үкіметаралық кеңестің тапсыруы бойынша арнайы осы үшін Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО мемлекеттерінің өкілдерінен жоғары деңгейдегі жұмыс тобы қалыптастырылған болатын.

 

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев хабарлағандай, жұмыс тобы алаңында тараптар ЕАЭО органдарының құзыретін ескере отырып төмен көміртекті дамытудың ұлттық стратегияларының элементтері базасында негізгі стратегиялық тәсілдемелерді, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі жол картасы іс-шараларының бірінші пакетін әзірлеуді қолдады.

 

Бүгінгі күні тараптар бұдан арғы жұмыстың 13 бағытын, соның ішінде климаттық салада заңнамалық реттеудің ұлттық тәжірибесін талдау мен ЕАЭО-да жалпы тәсілдемелерді дамыту жөнінде мүмкін болатын ұсыныстарды дайындауды, есепке алудың интеграцияланған жүйесін құруды және ЕАЭО-дағы парникті газдар шығарындылары мониторингін пысықтауда.

«Тағы бір бағыт — мына: көлік, энергетика, металлургия, химия, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында төмен эмиссиялы трансформацияның ынталандыру шараларын айқындау. Сондай-ақ тізімде — Еуразиялық төмен көміртекті даму бағдарламалары, жасыл қаржыландыру, климаттық технологиялар мен цифрлық бастамалар банкін қалыптастыру бар», — деп атап өтті Андрей Слепнев.
  

Одақ елдерінің үкімет төрағалары бұл жұмысты оң бағалады және оны жалғастыруды тапсырды. Негізгі стратегиялық тәсілдемелер 2022 жылдың екінші жарты жылдығында ұсынылады деп бағамдалуда.