Նորություններ

03.06.2021 (Обновлено: 30.12.2021 09:28)

Андрей Слепнев: «ЕЭК ЕАЭО-дағы электрондық өзара саудадан жанама салықтар алу мәселесін қарайды»

3 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумының шеңберінде «ЕАЭО-дағы электрондық сауда. 2025 жылғы образ» дөңгелек үстеліне қатысушылар бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтағы электрондық сауда саласында бизнес тап болып отырған өзекті мәселелердің қалай шешілетінін, 2030 жылға қарай ЕАЭО ритейлінің жалпы көлемінде e-commerce қандай үлесті құрайтынын талқылады. Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссия бастамашылық жасады. ЕЭК сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев модератор болды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың арасында – ЕАЭО мемлекеттері реттегіштерінің өкілдері, саланың аса ірі компанияларының басшылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қоғамдастығының мүшелері болды. Wildberries компаниясының бас директоры Татьяна Бакальчук бүгінде e-commerce саласында байқалатын бірқатар проблемаларды көтерді. Атап айтқанда, ҚҚС мәселесі. Ол қазір Ресей тауарларын тұтынушы көбірек ақы төлеуге мәжбүр болатын Қазақстаннан гөрі Грузияға жеткізу тиімдірек болатынын атап көрсетіп, В2С жұмысы схемасы кезінде экспорт жағдайында нөлдік ставканы ауыртпалықсыз және жіксіз растауға арналған шешімнің әлі күнге дейін жоқтығын атады. Сондай-ақ Татьяны Бакальчуктың айтуы бойынша маркетплейстер арқылы сатып алынған өнімді сатып алушы қайтарған кезде (реимпорт) кедендік төлемдерді одан әрі жеңілдетумен, бірыңғай стандартқа келтірумен және барлық құжаттарды және Одақ елдерінде бар талаптарды цифрға көшірумен салықтар мен баждарды төлеуге байланысты мәселелер шешілмей қалып отыр.
«ҚҚС қатысты мынаны хабарлағым келеді: біз маусымда Еуразиялық экономикалық комиссияның таяудағы Кеңесіне межелі ел бойынша ҚҚС алу болжанатын актіні әзірлеу туралы тапсырманы шығарамыз», – деді ЕЭК сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
ЕЭК министрі дөңгелек үстелге қатысушыларға 2030 жылға қарай ЕАЭО ритейлінің жалпы көлемінде e-commerce қандай үлес құрайтынын бағалауды ұсынды. Пікірлер 30% жуық орташа мәнді иеленіп, 20%-дан 50% дейінгі шаманы құрады.

Бұл ретте бірқатар сөйлеушілер Одақ елдерінде қол жеткізіліп үлгірілген елеулі жетістіктерді атап өтті. Мәселен, БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Ольга Алгаерова бүгінгі таңда Одақта қол жеткізілген жетістіктер туралы айтты.
«Олар электрондық сауда саласында шағымдарды қабылдауға арналған цифрлық «бірыңғай терезе» әзірлеумен байланысты Қазақстан мысалы және Қырғызстанның онлайн-төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттері», – деді ол.

«Почта России» АҚ бас директоры Максим Акимов өзі басқаратын компанияның ЕАЭО басқа мемлекеті – Армениямен ынтымақтастығының нәтижелеріне назар аударды.
«Біздің уағдаласуымыз оңай. Мысалы біз Армения Поштасының басшысымен бірыңғай толассыз тарфтік саясат туралы уағдаластық. Бізде жарты жыл ішінде көлем төрт есе өсті, Арменияға экспорт пошта арнасы бойынша 140% артты. Бұл қарапайым шешім болды», – деп мәлімдеді ол.

Максим Акимов перспективада классикалық арналар мен тауар сөрелеріне қалыптасқан модель ретінде ғана жіті назар аударып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік желілер мен платформалардың айналасында қалыптасатын арналарды адамның өзімен бірге қарау керек деді.

Ozon бас директоры Александр Шульгин интернет-алаң қандай да бір өңірге немесе елге келгеннен кейін жергілікті бизнес үшін өзінің жүз мыңдаған пайдаланушыларына зор сату мүмкіндіктерін ашады деп атап көрсетті. Бұл тұрғыда ол реттегіштің қазіргі сәттегі барлық бар шектеулерді мүмкіндігінше тезірек алуы қажеттігімен келісті.
«Реттеуді көп қажет етпейтін, барлық елдерде қарапайым және бірыңғай ойын ережелері бар бірыңғай экономикалық кеңістік құру шағын және орта бизнеске көп көмектеседі», – деп өз сенімділігін білдірді Александр Шульгин.

РФ экономикалық даму министрінің орынбасары Владимир Ильичев одақтың күн тәртібі бөлігінде ішкі және трансшекаралық электрондық саудаға арналған жағдайларды теңестіру негізгі мәселелердің бірі болып қала беретінін еске салды. Атап айтқанда, сөз тауарлардың трансшекаралық бажсыз интернет-саудасының көптен бері талқыланып келе жатқан шектері туралы болып отыр.
«Иә, әртүрлі жылдамдықпен және әртүрлі тәсілдемелермен, әртүрлі кезеңдермен ілгерілеуге болатыны түсінікті. Бірақ мәселені бәрібір шешу керек, өйткені ұлттық ойыншылар үшін олардың шетелдік бәсекелестерімен бәсекелесуінің бірыңғай деңгейін жасау қажет», – деп атап өтті Владимир Ильичев.

ЭЖМ – Сколково құқық және даму институтының («Экономика жоғары мектебі»), БРИКС елдері бәсекелік құқық және саясат халықаралық орталығының директоры Алексей Иванов e-commerce саласын монополизациялаумен және тұтынушылық мінез-құлықты, мысалы, алгоритмдердің көмегі арқылы жасанды басқарумен және іздестіріп беруді манипуляциялаумен байланысты проблемалық мәселелердің маңыздылығын қозғады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы басқармасының төрағасы Ернұр Рысмағамбетов B2C ғана емес, сонымен бірге электрондық сауда саласындағы В2В дамыту қажеттігін атап өтті.