Նորություններ

20.09.2021 (Обновлено: 08.02.2022 10:20)

Андрей Слепнев: «Иранмен еркін сауда туралы келісім сауда-экономикалық байланыстарды жоспарлаудың тиімділігін арттырады»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Иранның парламенттік делегациясы мүшелерін Еуразиялық экономикалық одақ пен Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын қалыптастыру жөнінде ЕЭК жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

ЕЭК алаңында болып өткен осы кездесу барысында ол «Толық форматты келісім жасасу ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты жоспарлаудың тиімділігіне игі әсерін тигізетініне сенімдімін»,- деп атап көрсетті.

Тараптар Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыру тұрғысында «Солтүстік-Оңтүстік» бағытында көлік-логистика мүмкіндіктерін пайдалану мәселесінде Одақ пен Иран мүдделерінің ортақтығын бөлекше атап өтті.

 

Анықтама:

Еркін сауда туралы толық форматты келісім қалыптастыру жөніндегі келіссөздер ЕАЭО мен Иран арасында қолданылатын режім негізінде Уақытша келісімге сәйкес 2019 жылғы қазаннан бастап жүргізілуде. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында Иранмен сауда айтарлықтай өсім көрсетті: Одаққа мүше мемлекеттердің экспорты 47% (0,9-дан 1,35 млрд АҚШ долл.дейін), импорт сәл аз – 34% (616-дан 825 млн АҚШ долл.дейін) артты. ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы сауда да 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (экспорт – 27%, ал импорт – 70% дерлік) өскенін атап өткен жөн.