Նորություններ

09.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 15:43)

Арман Шаққалиев: «Мемлекеттік сатып алу ЕАЭО елдері бизнесі үшін байланыстырушы платформа бола алады»

8 қыркүйекте Ресей Қаржымині ұйымдастырған Мәскеу қаржы форумына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақта мемлекеттік сатып алуды дамыту перспективаларын талқылады.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев ЕАЭО елдері өнім берушілерінің Одақтағы сатып алуға толық форматты және тең қатысуы түйінді міндет болып қала беретінін атап өтті. Сатып алудағы өзара қатысу үлесін арттыруға ықпал ететін шаралар арасынан ЕЭК өкілі толық мәнді цифрландыруды, Одақ елдерінің банк кепілдіктерін өзара тануын, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) атады.
Комиссия 2021 жылдың аяғына дейін қабылдауды жоспарлап отырған электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану іс-шаралары жоспарының жобасын дайындады. Арман Шаққалиевтың сөзінше, мұны іске асырудың нәтижесі ЭЦҚ танудың және оның түпнұсқалығын тексерудің бірыңғай қағидаларын әзірлеу болады.

Министр ЕАЭО елдері қаржы министрліктері мен орталық банктерінің қатысуымен Банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісім жобасын дайындау процесі қосымша серпім алатынына үміт білдірді.

«Күштілер - бірге» - бұл жалпы қағидалар бойынша әрекет жасайтын Одақ резиденттері үшін мемлекеттік сатып алу нарығын қолжетімді етіп құрудан синергияға жетуге көмектесетін девиз»,- деді министр.


Бірлескен жұмыс туралы айта келіп, Арман Шаққалиев 2020 жыл қорытындысы бойынша Комиссия жетістігінің бірі ретінде Комиссия Кеңесі бекіткен Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларын атады. Қағидалар өнеркәсіптің 10 саласы бойынша тауардың 263 түрінің өндіріс шарттарын көздейді, оны орындау кезінде мұндай тауар ЕАЭО мемлекеттерінде шығарылған тауар болып саналады. Қағидалардың маңызды элементі кооперациялық қағидат болып табылады, ол ЕАЭО шеңберінде Одақ мемлекеттерінің өндірушілері арасында кооперациялық тізбектерді құруды ынталандырады.
«Біздің мемлекеттік сатып алу саласындағы бірлескен шараларымыз Одақ мемлекеттерінде шығарылған өнімді өткізу үшін қуатты ынталандыру тудырады деп сенемін. Бұл нарықтағы 50%-ға жуық тауарлар – Одақ елдерінен келмейтін импорт екенін ескеру қажет. Бағалау деректерінде бұл 60 млрд долл. асады, яғни ЕАЭО елдерінің өндірушілері өзіндік даму мен өсу үшін пайдалана алатын әлеует»,- деп атап көрсетті Арман Шаққалиев.

Мемлекеттік сатып алуды цифрландыру процесінде бейінді ведомстволардың өзара іс-қимылы да қажет. Министр өнім берушілер біліктілігін электрондық форматқа көшіру бизнеске әкімшілік жүктемені айтарлықтай азайтуға және берілетін мәліметтердің анықтығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл ретте, сарапшылардың жекелеген бағалауы бойынша, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін электрондық форматқа көшіру қорытындысы бойынша үнем бастапқы бағадан шамамен 10-15% құрайды.