Նորություններ

20.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 15:12)

ЕЭК шешімдері жобаларына РӘБ туралы оң қорытындылардың үлесі 2020 жылы 90 пайызға жетті

Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерінің басшыларына 2020 жылғы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау (РӘБ) жүргізу мониторингі ұсынылды.

«Өткен жылы РӘБ шеңберінде түскен бизнес-қоғамдастық ұсыныстарын ескеру үлесі айтарлықтай - 57%-дан 70%-ға дейін өсті. Мониторинг жүргізу уақыты ішінде РӘБ туралы оң қорытындылардың үлесі барынша жоғары деңгейге - 90 пайызға жетті. Бұл Комиссия қызметінің бизнес жүргізу жағдайларын жақсартуға арналған жалпы трендін растайды», — деп атап көрсетті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.


Руслан Бекетаев РӘБ-тің – өткізілуі кезінде бизнес-қоғамдастықтың позициясы ескерілетін, ЕЭК шешімдері жобаларының кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына ықпалын бағалау рәсімі екенін де хабарлады.
«Осыған байланысты Одақ мемлекеттерінің бизнес-қоғамдастығы өкілдерін бұл процестерге белсене қатысуға шақырамын», — деп атап өтті ЕЭК министрі.


Руслан Бекетаев Комиссия қабылдаған шешімдердің нақты әсерін бағалау механизмін ендіру және ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттар жобаларына РӘБ рәсімін қолдану арқылы орташа мерзімді перспективаға арналған ЕАЭО елдерінде бизнес жүргізу талаптарын ұлтүсті реттеудің әсерін бағалауды кеңейтудің негізгі перспективалары туралы хабардар етті.


Анықтама

Комиссияның РӘБ мониторингі туралы жыл сайынғы есебі 2020 жылғы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау жүргізу практикасы туралы талдамалы, статистикалық және өзге де ақпаратты, сондай-ақ ЕАЭО елдері бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің РӘБ процесіне қатысуы туралы мәліметтерді қамтиды. РӘБ жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есеп Үкіметаралық кеңес отырысында қаралады.