Նորություններ

07.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 13:58)

ЕЭК пен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік банктің өзара іс-қимылының неғұрлым перспективалы бағыттары - төмен көміртегі күн тәртібі және сонымен байланысты экономика салаларын жаңғырту, көлік тақырыптамасы мен цифрландыру, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері болып табылады. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Дүниежүзілік банктің Орталық Азия елдері бойынша таяуда тағайындалған өңірлік директоры Татьяна Проскурякова осы ықтимал бағыттарды талқылады.

Халықаралық қаржы ұйымының өкілі өңірдегі өз жүмысының негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

Министр, өз кезегінде, ЕЭК-тің Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен саудасын қолдау саласындағы қызметінің өзекті міндеттері, ішкі нарықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жаңа сын-қатерлерге ден қою жайында әңгімелеп берді.

Іс-шараға Дүниежүзілік банктің Ресей Федерациясындағы директоры әрі тұрақты өкілі Рено Селигманн қатысты.