20 тамызда Еуразиялық үкіметаралық кеңес Жоғары Еуразиялық экономикалық
кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 90
шешімімен бекітілген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істер бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімдерін жариялау тәртібін мақұлдады. ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиевтың сөзінше, Комиссияның бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық мәселелері бойынша шешімдері заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне ықпал етеді және оларды жариялау міндетті болып табылады. Алайда бұл шешімдер құпиялы ақпаратты, мысалы, ашуға жол берілмейтін дербес деректерді, коммерциялық мәліметтерді қамтиды.
«Бүгін қабылданған шешім бізге Комиссияның бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істер жөніндегі шешімдерін, олардан бір мезгілде шектеулі таратылатын ақпаратты алып тастай отырып, міндетті жариялау туралы ережені іске асыруға мүмкіндік береді», — деп түсіндірме жасады Арман Шаққалиев.
Комиссия Алқасының шешімдері шешімдерде белгіленген мерзімде, бірақ ерте дегенде олар ЕАЭО-ның ресми сайтында ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Анықтама
Қабылданған құжаттың толық атауы – «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 90 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, олардың интеграциялық бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдармен жасасатын халықаралық шарттарын, Еуразиялық экономикалық одақ органдарының шешімдерін ресми жариялау тәртібі».