Նորություններ

18.05.2021 (Обновлено: 21.12.2021 10:39)

ЕЭК күн сәулелік батареялар өндірісіне арналған тауарларға импорттық баждарды нөлге түсірді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі күн сәулелік батареялар өндірісі кезінде пайдаланылатын бірқатар тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының ставкаларын екі жыл мерзімге нөлге түсіру туралы шешім қабылдады.

Сөз тиімділігі жоғары гетероқұрылымдық технология негізінде фотоэлектр элементтері мен модулдерін шығаруға арналған импорттық материалдар мен шикізат туралы болып отыр. Еуразиялық экономикалық одақта талап етілетін сапалық сипаттары бар аналогтар шығарылмайды.

«Осындай күн сәулелік батареялар өндірісінің қазіргі заманғы технологиясы өнімді Одақ аумағында ғана емес, шетелдік нарықтарда та сұранысты етеді. Бүгінгі мақұлданған шешім ішкі өндірушілерді қолдауға көмектеседі», — деп атап өтті ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Бұдан басқа, қабылданатын шараның күн сәулелік батареялар шығару жөніндегі өндірістік қуаттарды арттыру туралы шешім қабылдау үшін зор маңызы болады.

 ЕЭК Кеңесі Алқаға күн сәулелік батареялар өндірісі үшін пайдаланылатын тауарлардың тағы бірнеше санатына қатысты ставкаларды нөлге түсіру туралы мәселені жедел тәртіпте қарауды да тапсырды.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.