Նորություններ

15.11.2021 (Обновлено: 09.03.2022 16:16)

ЕЭК Еуразиялық көлік дәліздерінің сервистерін цифрландыруды қолдайды

ЕЭК алаңында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия мен Трансеуразиялық тасымалдар жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесінің (ТТҮК) бірлескен дөңгелек үстелі барысында жаһандық көлік қатынастары жүйесінің бір бөлігін білдіретін Еуразиялық көлік дәліздерінің мәселенамасы талқыланды.

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Темирбек Асанбеков Еуразиялық экономикалық одақтың экономикасы үшін Еуразиялық көлік дәліздерінің, цифрландырудың және электрондық құжат айналымының жоғары маңызы бар екенін белгілеп көрсетті. Ол 2022 жылы Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын дайындау және қабылдау жоспарланып отырғанын, осыған сәйкес бұлар басымдық алатынын, олардың пайдалану сипаттамаларын қадамдастыру, сондай-ақ цифрландыру жүзеге асырылатынын атап көрсетті.

ТТҮК бас хатшысы Геннадий Бессонов Комиссия жобасының, бизнес-қоғамдастық пен «бестік» елдерінің бейінді ұйымдарымен және оның әріптестерімен өзара іс-қимылдың арқасында ЕАЭО-ның көлік әлеуеті одан әрі дамиды деп сенімділік білдірді.

ЕЭК-тің Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Дәурен Сәбитов Комиссияның негізгі жобаларын және таяудағы Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарының тізбесін мақұлдаған шешімін еске салды. Бұл «бестік» елдері мен ЕЭК-ке Одақ туралы шарттың ережелерін, Көлік саясатының негізгі бағыттарын, Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегияларын көлік дәліздерін дамытуға қатысты бөлігінде іске асыруға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ жүктер мен контейнерлер тасымалы барысында транзиттік декларацияны қалыптастыру кезінде теміржол жүкқұжатында қамтылған мәліметтерді пайдалану мүмкіндігі бойынша.

«БТЛК ЕТА» АҚ-ның, ЕАЭО елдерінің теміржол әкімшіліктері мен кеден органдарының қатысуымен пилоттық жобаны жүргізу қажеттігін атап өтті. Контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру кезіндегі теміржол және автомобиль көлігінің өзара іс-қимылы механизмін жетілдіру маңызды жәйіт болып табылады.

ЕЭК Сауда саясаты департаментінің директоры Игорь Назаруктің пікірінше, сауда айналымын және осымен бір мезгілде көлік әлеуетін өсіруге мүмкіндік беретін құралдардың бірі — ЕАЭО-ның сауда келісімдері болып табылады. Олардың бірегейлігі мынада — тарифтік тосқауылдарды жоюдан бөлек, ынтымақтастықтың көпжақты форматын және өнеркәсіптік кооперация үшін қажетті жағдайларды жасайды, сондай-ақ көлік саласындағы көпжақты мәселелерді қоса, ЕАЭО мемлекеттерінің үшінші елдермен өзара қатынасындағы мүддесін қозғайтын өткір мәселелерді талқылауға ықпал етеді.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде тараптардың теміржол жүк тасымалын цифрландыру жөнінде ауқымды жұмыс жүргізіп жатқаны айтылды. ЕАЭО мен Қытай Халық Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мүддесінде оларды цифрландыру жөнінде бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жүк тасымалдары кезінде тиісті құжаттар алмасудың электрондық нысанына көшу көлік шығындарын азайтады, жүк тасымалын тездетеді, төрешілдік пен сыбайлас жемқорлық қатерінің деңгейін азайтуға көмектеседі.

Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Алексей Сапетко дәліздерді қалыптастыру инфрақұрылымның жіксіздік өлшеміне сай келуі жолындағы түйінді бағыттардың бірі ретінде қаралатынын хабарлады. Осы ретте әртүрлі сервистердің, соның ішінде цифрландыру есебінен мүмкін болатын техникалық сыйысымдылығы өте-мөте маңызды. Бұл Азия мен Еуропа елдері арасындағы тұрақты өсетін көлемді ескере отырып Одақтың және мүше мемлекеттердің транзиттік әлеуетін бұдан да толық іске асыруға мүмкіндік береді.

«ҚТЖ ҰК» АҚ басқармасы төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев жаһандық жүк тасқынын одан әрі дамыту үшін инфрақұрылымның осал жерлерін жою, сауда рәсімдерін жеңілдету және шекарадағы шекаралық әрі кедендік бақылауды оңайлату қажет деп санайды. Ерлан Қойшыбаев контейнерлік тасымалдарды дамытудың стратегиялық бағыты Қытай — Еуропа — Қытай маршруты бойынша континенталдық транзит болып табылатынын, ол бойынша БТЛК ЕТА бірлескен кәсіпорны ойдағыдай жұмыс істеп жатқанын еске салды. Осы дәліз бойынша ғана тасымалдар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 34% өсті.

ЕАДБ Цифрлық бастамалар дирекциясының директоры Севак Саруханян цифрлық логистиканың шамамен 90%-ы — реттеу мәселесі екенін атап өтті. Және қалғандарында — технология мәселесі. Дұрыс реттеу бірыңғай цифрлық көлік дәліздерін құрудың негізін құрауға тиіс. Бұл ретте ЕАЭО компаниялары технологиялық жағынан жеткілікті түрде ілгерімпаз, олай болса, шетелдік технологияларды тартудың ешқандай қажетігі жоқ.

«Халықаралық көлік дәліздері дирекциясы» (ХКДД) АКҰ бас директоры Алексей Петров ЕЭК Алқасының Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарының арнаулы тізбесін қалыптастыру жөніндегі шешімін құптады. ХКДД-ның өз портфелінде — ондаған маршрутпен жұмыс бар. Қазірдің өзінде ХКДД Беларусьпен бірлесіп электрондық көлік жүкқұжаты бойынша және Финляндиямен бірлесіп электрондық пломбалар бойынша пилоттық жобаларды іске асыруға белсене қатысуда. Сондай-ақ Амур арқылы пилотсыз жүк тасымалдары жобасы іске қосылды, пандемияның жалғасуын ескере келгенде, бұл әсіресе өзекті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар осындай іс-шараларды әріптестердің барынша кең тобын тарта отырып, жүйелі өткізіп тұру қажеттігі туралы бірауыздан пікір білдірді.

 

Анықтама:

Іс-шара ЕЭК алаңында ЕАЭО мемлекеттерінен және үшінші елдерден билік органдарын да, бизнес-қоғамдастықты да білдіретін 25 спикердің басын қосты. Олардың арасында Far East Land Bridge бас директоры Far East Land Bridge Уве Лойшнер, «Чанчунь Интернейшнл лендпорт девелопмент» компаниясы басқарушы директорының орынбасары Энди Попеску, «Біріккен көлік-логистика компаниясы — Еуразиялық теміржол альянсы» АҚ басқармасының төрағасы, бас директор Алексей Гром, «ТрансКонтейнер» ЖарАҚ бірінші вице-президенті Виктор Марков, Халықаралық автомобиль көлігі одағының Еуразиядағы тұрақты өкілдігінің басшысы Вадим Захаренко, «РТЖ Логистика» АҚ бас директорының орынбасары — жобалық офистің басшысы Алевтина Кириллова, БАМАП қауымдастығының бас директоры Александр Карпук, KAZLOGISTICS Қазақстан көлік қызметкерлері одағының бас директоры Ерлан Әбсатов, ЕСТЭЛО атқарушы директоры Анатолий Воронин және басқалар бар.