Նորություններ

14.10.2021 (Обновлено: 21.02.2022 14:05)

ЕЭК ұлтүсті реттеушілерінің позициясы тұрғысынан Халықаралық бәсекелестік желісінің бәсекелестікті адвокаттандыру құралдарын қайта қарауды ұсынды

Еуразиялық экономикалық комиссия Халықаралық бәсекелестік желісінің мүшесі ретінде бірінші рет әлем елдерінің монополияға қарсы реттеушілерімен қатар бәсекелестікті адвокаттандыру мәселелері жөніндегі жыл сайынғы конференцияға қатысты. Іс-шара 13-15 қазанда онлайн-форматта өтеді.

«Бәсекелестікті адвокаттандыру құралдарын қайта байыптау» сессиясы шеңберіндеЕЭК-тің Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Армине Акопян қатысушыларға Одақтың трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестікті адвокаттандыру үшін Комиссия белсенді қолданатын құралдар туралы айтып берді.Олардың арасында – бизнеспен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын - қоғамдық қабылдау отырыстары, практикамен айналысатын заңгерлермен, бизнес-қоғамдастықпен және ұлттық реттеушілермен, соның ішінде бәсекелестік мәселелері бөлігінде Одақ құқығын жетілдіру мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық бар.

 

Армине Акопянның пікірінше, бұл құралдарды барлық ұлтүсті ведомстволары өңірлік деңгейде ойдағыдай қолдана алар еді.

 

«Өңірлік интеграцияны кеңейту жөніндегі әлемдік үрдісті ескере келгенде, бәсекелестікті адвокаттандыруға өңірлік ерекшеліктерді ендіре отырып, құралдарды қайта қарауды ұсынған болар едік»,- деп атап өтті Комиссия өкілі.

Комисияға ХБЖ мүшесі мәртебесін беру туралы шешім бірлестіктің Үйлестіру комитетінің кеңесі барысында 2021 жылғы 27 қаңтарда қабылданғанын еске саламыз. Қатысушы мәртебесі ЕЭК-ке халықаралық бәсекелестік қоғамдастығымен диалог жүргізуге, соның ішінде ХБЖ-ның әлемнің барлық бәсекелестік ведомстволарына ұсыным жасайтын құжаттарын әзірлеуге қатысуға мүмкіндік берді.