Նորություններ

22.09.2021 (Обновлено: 08.02.2022 14:25)

ЕЭК Қазақстанның темекі өніміне арналған техникалық регламентті өзгерту жөніндегі ұсынысын қарайды

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп, темекі өніміне арналған техникалық регламентке өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының ұсынысын қарайды.

Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексінің ұлтүсті деңгейінде белгіленген әрі Одақ елдерінің қолдануы үшін міндетті талаптарға қайшы келетіні анықталды.

Бірқатар қазақстандық бизнес өкілдерінің өтініші негіз болған ЕЭК-тің Ішкі нарықтың жұмыс істеуі департаментнің жұмыс нәтижелері бойынша, аталған нормативтік актінің ЕАЭО туралы шарттың 52 және 53-баптарына сәйкессіздігі беркітілді.

Әйтсе де мәселені талқылау кезінде темекі өніміне арналған одақтық техникалық регламенттің ережелерін, соның ішінде кальянға арналған темекіге қойылатын талаптар бойынша өзектілендіруге бағытталған кешенді шешім қабылдаудың орындылығы атап өтілді. Шешімнің негізінде Одақтағы техникалық реттеудің негіз қалаушы қағидаларының бірі - ЕАЭО азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау қатталған.

«Еуразиялық экономикалық комиссия тағы да Одақ азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғауға әрі төрт еркіндік қағидатын сақтауға бағытталған кешенді шешім қабылдауға дайындығын көрсетті»,- деп шешімге түсіндірме берді ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян.