Նորություններ

09.11.2021 (Обновлено: 03.03.2022 10:01)

ЕЭК ЕАЭО СЭҚ ТН-да жеткіліксіз өңделген ағаш сүрегі мен терең өңделген ағаш сүрегін бөліп көрсетті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасында ағаш материалдарының ылғалдығы мен өңделу дәрежесін ескере отырып бөліп көрсету туралы шешім қабылдады. Осы ретте бұл тауарларға қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының ставкалары қолданыстағы деңгейінде сақталады.
«Ағаш сүрегі үшін өңдеудің тереңдігіне және ылғалдығына байланысты жеке позицияларды бөліп көрсету қажет кезінде қосылған құны жоғары ішкі өндірісті ынталандыру мақсатында тауарлардың сыртқы саудасын реттеу шараларын дәлдеп енгізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өнім жеткізуге әкімшілік жүргізудің тиімділігін арттырады», — деп түсіндірді ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес келтіру үшін ЕЭК-тің басқа да бірқатар актілеріне үндесетін өзгерістер енгізілетін болады. Күтіліп отырғанындай, шешімдер пакеті 2022 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.