Նորություններ

10.12.2021 (Обновлено: 04.04.2022 17:38)

ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді мақұлдады

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 10 желтоқсандағы отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге қол қою туралы шешім қабылдады. Келісім навигациялық пломбаларды қолданып тауарлар тасымалын қадағалап отыру жүйесін қалыптастырады, бұл Одақтың ішкі шекараларында бақылау іс-шараларын мейлінше азайтуға және мүше мемлекеттердің транзиттік тартымдылығын арттыруға, ЕАЭО аумағында тауарлардың қадағаланып отыруын және олардың заңды айналымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кедендік транзит шеңберінде екі және одан астам мүше мемлекеттің аумағы бойынша орын ауыстыратын тауарлар, санкциялық тауарлар, өзара сауда шеңберіндегі алкоголь, темекі, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің ұсыныстары негізінде Комиссия қалыптастыратын дербес тізбеге қажетіне қарай кірістірілген өзге де тауарлар қадағаланып отырады. Келісім навигациялық пломбаларды қолдану жағдайлары мен тәртібін, қадағалап отыру объектілерін, көлік түрлерін, қадағалап отыруға қатысушыларды, ақпараттық өзара іс-қимыл негіздерін айқындайды.

Сондай-ақ Комиссияның қадағалап отыру қолданылмайтын тауарларға (мысалы, тірі жануарлар, үйінді күйінде тасылатын жүктер және басқалар) қатысты тізбені айқындау құзыреті көзделген.

Құжат автомобиль және теміржол тасымалдарын қамтиды.

Одақ елдері аумағы бойынша тасымалдарды бүкіл жүру жолында қадағалап отыруды аумағынан осындай қадағалап отыру басталған мүше мемлекеттің ұлттық операторы жүзеге асыратын болады. Ол мүше мемлекеттердің бақылаушы органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Келісімде тауарлардың санаты мен көліктің түрі бойынша қадағалап отыруды кезең-кезеңмен енгізу көзделген. Бұл тасымалға қатысушылар мен мемлекеттік органдардың жаңа жағдайларға жұмсақ бейімделуін көздейді.

Құжаттың толық мәніндегі жұмысы үшін Комиссияның пломбаларға қойылатын техникалық талаптарды, мәліметтер құрамын, ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын және т.б. айқындайтын 28 актісін қабылдау талап етіледі.

Навигациялық пломбаларды қолданып тауар тасымалын қадағалап отыру механизмі Одақтағы кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі элементінің бірі болып табылады, оны жетілдіру жұмысы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.