Նորություններ

10.12.2021 (Обновлено: 06.04.2022 12:35)

ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары кедендік транзит кезінде қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы келісімді мақұлдады

10 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы келісімге қол қою туралы шешім қабылдады. Келісім Одақ шеңберінде транзиттік тасымалдар жасаған кезде, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен электрондық құжат айналымын пайдалану жағдайларында, кепілдік механизмдерін дамытуға және бизнеске қаржы жүктемесін азайтуға бағытталған. Құжатты іске асыру кедендік транзитке қатысатын және келісім шарттарына сай келетін тұлғаларға қазіргіге қарағанда аз мөлшерде қаржы кепілдігін ұсынуға мүмкіндік береді. Декларанттар үшін кедендік тасымалдарды жасаған кезде оңайлатуды қолдану көзделген.

Сонымен бір мезгілде келісім кепілгерлік институтын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі ретінде – кепілгерлерді ұлттық кепілгер ретінде тану шарттарын айқындау және олар үшін транзит кезінде қаржылық кепілдіктер беру жөніндегі қызметті жүргізу мақсатында неғұрлым қолайлы жағдайлар белгілеу арқылы дамытуға ықпал ететін болады. Бұл екі бағыт жиынтығында Одақтың транзиттік жүйесін неғұрлым тартымды және бәсекеге қабілетті ете отырып, транзиттік тасымалдар жасайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Келісім Одақтағы бірыңғай кедендік транзиттің элементтердің бірі болады.