Գլխավոր էջ
/
Լուրեր
/
ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Одақ шеңберіндегі өзара саудада жанама салықтар алу тәртібін жетілдірді
ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Одақ шеңберіндегі өзара саудада жанама салықтар алу тәртібін жетілдірді
10.12.2021
«Үлкен Хаттаманың» өзгерістері салық төлеушінің Одақтың басқа мемлекетінің жеке тұлғасынан сатып алған тауарлардың импорты кезінде жанама салықтар төлеу тәртібін нақтылайды, сондай-ақ бас офис пен оның ЕАЭО-ның әртүрлі мемлекетінде орналасқан филиалдары (өкілдіктері) арасындағы көрсетілетін қызметтер кезінде ҚҚС алу механизмін бекітеді.
Өзгерістердің мақсаты салық әкімшілігін жүргізуді және салық органдары тарапынан бақылауды, соның ішінде ЕАЭО аумағында тауарлардың жалған экспорты мен жалған импорты анықталған жағдайлардағы деректермен ақпараттық алмасу арқылы күшейту болып табылады.
«Жанама салық салу саласында заңнаманы жетілдіру Одақта бірыңғай салық кеңістігінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді және, бәрінен бұрын, бизнес жүргізудің ашықтығына және кәсіпкерлер мен салық органдары арасында өркениетті диалог орнатуға бағытталған»,- деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.
Өзгерістерді ЕЭК-тің салық саясаты және әкімшілік жүрізу жөніндегі консультативтік комитеті дайындады.