Նորություններ

07.10.2021 (Обновлено: 14.02.2022 16:09)

Михаил Мясникович Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Ресей Федерациясының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Владимир Путинді туған күнімен құттықтады.

«Сіздің қажырлы қызметіңіздің арқасында Ресей Федерациясы ұлы держава ретіндегі мәртебесін нығайта түсті, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамасыз етілуде. Сіз Еуразиялық экономикалық одақты құрудың бастауында тұрдыңыз және оны дамытудың ең бір дәйекті әрі іскер қолдаушысының бірісіз. Сіздің Еуразиялық экономикалық комиссияға көрсетіп отырған қолдауыңыз үшін, алдымызда тұрған интеграциялық міндеттерді шешуге қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді»,- делінген құттықтау хатта.

ЕЭК Алқасының басшысы Владимир Путинге, оның туысқандары мен жақындарына мықты денсаулық, ізгі игіліктер, ал Ресей Федерациясына - ашық аспан мен өркендеу тіледі.