Նորություններ

17.06.2021 (Обновлено: 30.12.2021 11:27)

Ғылыми-техникалық кеңес ЕЭК-ке ЕАЭО-дағы климаттық күн тәртібі бойынша өкілеттіктер беруді ұсынады

«Жасыл» экономика мәселесі Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекет басшылары деңгейіне шығарылатын болады. 17 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес Президиумының отырысында ЕАЭО елдерінің Париж келісімін іске асыру жөніндегі шараларын үйлестірудің орындылығы тақырыбы алғаш рет қозғалды.
«Біздің Одағымыздың елдеріне уақытпен бірге жүру, егер халықаралық қоғамдастық әзірлейтін тәсілдемелер біздің елдеріміздің мүдделерін қанағаттандырмаса, баламалы тәсілдемелер ұсыну және ЕАЭО шеңберінде реттеуді үйлестіру жолымен жүру маңызды», – деді ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович.

Еуропалық одақтың трансшекаралық көміртегілік реттеуді енгізу ниеттерін ескергенде, Одақ елдері үшін тақырып ерекше өткір болып отыр.
ЕО ЕАЭО-ның негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады – 2020 жылы Еуропалық одақтың ЕАЭО сыртқы саудасы айналымындағы үлесі 36,8% құрады. ЕО-ның Армения, Беларусь және Қазақстан экспортындағы елеулі үлес салмағы, сондай-ақ Ресейден Еуроодаққа көміртегіні қажетсінетін тауарлар жеткізілімдерінің елеулі көлемі байқалады.

Ресей Қаржы министрлігінің ҚҒЗИ Макроэкономикалық зерттеулер орталығының бағалауы бойынша ЕАЭО кейбір елдері үшін трансшекаралық көміртегілік реттеу (ТКР) қолданысына ықтимал жататын ЕО-ға тауарлар экспортының үлесі 20% құрауы мүмкін сценарий барынша мүмкін болады. Бұл ретте неғұрлым ұзақ мерзімді перспективада реттеуді қатаңдатқан жағдайда ТКР қолданысына ЕАЭО-дан ЕО-ға экспорттың барлық құндық көлемінің 80% дейіні түсуі мүмкін.

Комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев трансшекаралық көміртегілік реттеудің енгізілуіне ЕАЭО ден қою сценарийін ұсынды.

Нормативтердің және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің өзіндік жүйесін әзірлеу және енгізу стратегиялардың біріне айналуы мүмкін. Оған көміртегі бірліктерінің айналымы және парниктік газдардың шығарылымдары қосылуы мүмкін.
Сергей Глазьев: «Мәселені кеңірек қою және біздің тұтастай табиғат пайдалану жүйемізді реттеуге тиістілігіміз туралы айту керек», – деп толықтырды.

ҒТК отырысында Стратегии-2025 іске асыру шеңберінде ЕАЭО климаттық күн тәртібі бойынша ұсыныстар пакетін дайындайтын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Олар біздің барлық елдеріміз ратификациялаған Париж келісімінің шеңберінде Комиссияға келісілген «климаттық саясатты» әзірлеу және іске асыру бойынша өкілеттіктер беру мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынылатын болады.

Бұдан басқа, Ғылыми-техникалық кеңес ЕАЭО-дағы интеграциялық процестердің Одақ елдерінің экономикасына әсерін бағалау әдіснамасын әзірлеу тәсілдемелерін мақұлдады. Экономикаға кешенді әсерді бағалау Комиссия әзірлеген ЕАЭО «шығындар-шығару» еларалық кестелер жүйесінің негізінде жасалуы мүмкін. Әдіснамада Одақтың әрбір елінің ІЖӨ-ге тауарлармен өзара сауда, көрсетілетін қызметтермен өзара сауда, өзара инвестициялар мен еңбек көші-қоны бойынша қосқан үлесін бағалау болжанады.

Әдіснама Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитетте келісу үшін елдерге ұсынылады, содан соң ЕЭК Алқасында қаралады.
Экономикалық интеграцияның тиімділігін бағалау моделін әзірлеуді 2020 жылғы 11 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынғанын еске саламыз.

ҒТК Президиумының келесі отырысы осы жылдың қазан айына жоспарланған.

Анықтама

ЕЭК Алқасы Төрағасының жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес еуразиялық экономикалық интеграция және Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамыту мәселелерінің кең шеңберін ғылыми және сараптау тұрғысынан талқылауға арналған ашық дискуссиялық және кеңесу алаңы ретінде құрылды. Кеңес мүшелері экономикалық интеграцияның модельдері мен нысандарын қарайды, әлемдік экономика дамуының өзекті мәселелері мен жаһандық сын-тегеуріндерді талқылайды, халықаралық интеграциялық бірлестіктердің тиімлі реттеу практикаларын зерделейді, Одақ елдерінің экономикалық интеграцияның перспективалық бағыттары бойынша өзара іс-қимылын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Кеңестің қызметі Комиссияның ғылыми зерттеулермен және жобалармен байланысты жұмысын жетілдіруге ықпал етеді.
Кеңесті ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович басқарады, ЕЭК интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев оның орынбасары болып табылады.
Кеңес Президиумы ЕАЭО елдерінің ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік органдары басшыларының орынбасарларынан, ұлттық ғылым академияларының басшыларынан, Комиссия министрлерінен құралған.
Одақ елдерінің ғылыми және сараптау қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ ЕЭК лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Кеңесте сараптама тобының шеңберінде бейін бойынша жұмыс істейді.