Նորություններ

16.09.2021 (Обновлено: 07.02.2022 16:46)

ЕЭК бәсекелестік блогының өкілдері Армения кәсіпкерлеріне мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңа қағидалар туралы айтты

16 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік блогының өкілдері Армения Республикасының кәсіпкерлерімен және уәкілетті мемлекеттік органдарымен Тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындаудың бірыңғай қағидаларының күшіне енуіне байланысты ЕАЭО мемлекеттерінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнеркәсіптік тауарларының қол жеткізуін талқылады.

ЕЭК-тің Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры Әлия Жұмабаева осы жылы күшіне енген мемлекеттік сатып алу мақсаттарына арналған қағидалар туралы хабарлады. Олар Одақ елдеріндегі мемлекеттік сатып алуға қатысатын өнеркәсіптік тауарлардың жекелеген түрінің жеткізушілеріне кедергісіз қол жеткізуді ұсынады, қазіргі бар әкімшілік тосқауылдарды алып тастайды және тиісінше бизнестің шығындарын қысқартады.

ЕЭК-тің Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Павел Жуковский қатысушыларды осы жылғы сәуірде іске қосылған Комиссияның ақпараттық ресурсымен – ЕАЭО мемлекеттері өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізілімімен таныстырды. Ол қатысушыларға тізілімді қалыптастыру тәртібі туралы, соның ішінде оған Арменияда өндірілген өнеркәсіптік тауарларды кірістіру алгоритмі туралы айтып берді.Оның сөзінше, бүгінгі таңда Еуразиялық тізілімге Беларусь пен Қазақстанның 35 кәсіпорнының 3800-ден астам тауары қазірдің өзінде кіргізілді.

ЕЭК өкілдері кәсіпкерлерді Еуразиялық тізілімге өз тауарлары туралы мәліметтерді белсендірек кірістіруге шақырды, бұл олардың Одақ елдеріндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуларына мүмкіндік береді.

 

Анықтама: 

2020 жылдың қорытындысы бойынша Одақтың мемлекеттік сатып алу нарығы 135,32 млрд АҚШ долл.бағаланады. Үлесі бойынша мұның ішінен Арменияға - 0,5 млрд АҚШ долл., Беларусьқа – 2,46 млрд АҚШ долл., Қазақстанға – 16,89 млрд АҚШ долл., Қырғыз Республикасына – 0,53 млрд АҚШ долл., Ресей Федерациясына – 114,94 млрд АҚШ долл.тиесілі.

 

Іс-шара жазбасын Комиссияның Youtube арнасынан қарауға болады: https://www.youtube.com/watch?v=BUuCD9yE8pE.