Նորություններ

29.09.2021 (Обновлено: 08.02.2022 17:18)

ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім жобасы мемлекетішілік келісу жүргізу мақсатында Одақ елдеріне жіберілді

28 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім жобасын мемлекетішілік келісу жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне жіберуге шешім қабылдады. Рәсімді осы жылғы 28 қазанға дейін өткізу қажет.

ЕАЭО елдері мемлекетішілік келісуді аяқтағаннан кейін құжатты Комиссия Кеңесі қарайтын болады. Бұдан кейін ол келісімге қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді өткізу үшін ЕАЭО мемлекеттеріне жіберіледі.

Келісім жобасы теміржол және автомобиль көлігімен тауарлар тасымалы кезінде навигациялық жерсеріктік жүйелер негізінде жұмыс істейтін техникалық құрылғыны пайдалануды көздейді. Құжат қадағалап отыру объектілерін, тасымалдарды қадағалап отыру жағдайлары мен шарттарын айқындайды.

Электрондық навигациялық пломбаларды қолдану тауарлар мен жүктердің орын ауыстыруы кезіндегі мемлекеттік бақылаудың әртүрлі нысанын барынша азайтуға, сондай-ақ Одақта тауарлардың заңды айналымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.