Նորություններ

11.10.2021 (Обновлено: 16.02.2022 12:19)

Руслан Бекетаев ЕАЭО елдеріндегі салық салу және салық әкімшілігін жүргізу саласындағы цифрландырудың рөлі туралы айтты

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев 8 қазанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер салық қызметтері басшылары Үйлестіру кеңесінің бейнеконференция форматында өткен XXVIII отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі салық салу және салық әкімшілігін жүргізу саласындағы цифрландырудың рөлі туралы айтып берді.

ЕЭК министрі адамның тіршілік-тынысының барлық аспектісіне енген цифрлық технологиялар мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік диалогты құруға, әкімшілік жүктемені азайтуға, соның салдарынан салық аударымдарының артуына ықпал ете отырып, ЕАЭО елдерінің салық органдары мен салық төлеушілерінің ашықтық экожүйесін қалыптастыруда орасан зор рөл атқарады.

 

«Салықтық процестерді цифрлау есебінен ЕАЭО елдеріндегі компаниялардың еңбек шығыны қысқаруда. Мәселен, Ресей Федерациясында салықтық тексерулерді сүйемелдеуге жұмсалатын шығындар 30% азайды. Осымен қатар, үстіміздегі жылғы 6 ай ішінде бюджетке түсім 2,9 трлн рубль (29%-дан астам) өсті. Қазақстан Республикасының бюджетіне салықтық түсімдер ұқсас кезең ішінде 32% дерлік артты. Армения Республикасының бюджетіне салықтық аударымдар 2021 жылы жоспарлы түрде 18% дерлік өсуге тиіс»,- деді Руслан Бекетаев.

ЕЭК министрі бүгінгі таңда ЕЭК-тің ЕАЭО елдерімен бірлесіп бірыңғай кедендік аумаққа әкелінетін тауарларды қадағалап отыру жүйесін ендірумен белсенді жұмыс істеп жатқанын атап көрсетті, бұл көлеңкелі экономикаға және салықтарды төлеуден жалтаруға қарсы күрес құралдарының бірі болуға тиіс.